Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
«АДАЛ АТА-АНА — ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»: БАЛА БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ТҰЖЫРЫМДАМА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «АДАЛ АТА-АНА — ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»: БАЛА БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ТҰЖЫРЫМДАМА

«АДАЛ АТА-АНА — ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»: БАЛА БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ТҰЖЫРЫМДАМА

         1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – әрбір баланың құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен амандығына қоғам назарын аудартатын маңызды мереке. Осы атаулы күн қарсаңында Түркістан облысы білім басқармасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жазғы демалысын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру мақсатында «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» өңірлік тұжырымдамасын бекітті. Бұл бастама – тек құжат немесе жоспар ғана емес, ол бала тағдырына бейжай қарамайтын қоғамның ортақ жауапкершілігін айқындайтын маңызды қадам.
        Бала – отбасының шаттығы, мемлекеттің болашағы, ел ертеңінің сенімді кепілі. Әрбір ата-ана өз перзентінің амандығын, тәрбиелі, білімді, саналы азамат болып қалыптасуын қалайды. Алайда қазіргі қоғамда балалар қауіпсіздігіне қатысты мәселелер өзекті болып отыр. Интернеттегі қауіп-қатер, құқықбұзушылық, буллинг, қараусыздық, жол-көлік оқиғалары, судағы қауіпсіздік, жаз мезгіліндегі бақылаусыз уақыт – мұның бәрі бала өміріне әсер ететін маңызды факторлар. Сондықтан бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек мектептің немесе мемлекеттік мекемелердің емес, ең алдымен отбасының, ата-ананың міндеті.
       Осы орайда «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының негізгі мақсаты – отбасы институтының рөлін күшейту, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау және олардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Тұжырымдама аясында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалардың бос уақытын пайдалы өткізуге бағытталған тәрбиелік, спорттық, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру көзделген.
       Жазғы демалыс – балалар үшін қуаныш пен еркіндіктің мезгілі. Алайда дәл осы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Су айдындарындағы қауіпсіздік, жол ережелерін сақтау, беймәлім адамдармен қарым-қатынас жасау қаупі, әлеуметтік желідегі қауіптер, өрт қауіпсіздігі, электр құралдарын пайдалану – мұның барлығы ата-ананың жіті бақылауын талап етеді. Балаға «сақ бол» деп айту жеткіліксіз, қауіпсіздік мәдениетін күнделікті өмірде үйрету – ересектердің басты міндеті.
        Тұжырымдаманың атауындағы «адал ата-ана» ұғымының астарында үлкен мән жатыр. Адал ата-ана – баласының тек материалдық қажеттілігін өтеп қана қоймай, оның ішкі жан дүниесіне үңілетін, уайымын тыңдайтын, уақыт бөлетін, дұрыс тәрбие мен бағыт-бағдар беретін тұлға. Бүгінгі бала – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан олардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне немқұрайлы қарау – болашаққа бейжай қараумен тең.
        Қазіргі таңда мектеп пен ата-ана байланысының маңызы артып келеді. Білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынас бала тәрбиесіндегі нәтижелі жұмыстың негізі саналады. Мектеп қабырғасында берілген тәрбие отбасындағы құндылықтармен ұштасқанда ғана бала тұлға болып қалыптасады. Осыған байланысты аталған тұжырымдама аясында мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту басты назарға алынуда.
       Баланың қауіпсіз әрі бақытты балалық шағы – кез келген мемлекеттің басты байлығы. Өйткені бала күлкісі естілген жерде мейірім бар, сенім бар, жарқын болашаққа деген үміт бар. Сондықтан әрбір ата-ана өз перзентінің өміріне жауапкершілікпен қарап, оның бос уақытын бақылап, саналы тәрбие беру ісіне белсенді атсалысқаны абзал.
      «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» – бұл тек ұран емес, бұл – әр баланың өмірі мен болашағына деген қамқорлықтың көрінісі. Ендеше, ұрпағымыздың алаңсыз күлкісі мен жарқын болашағы үшін бәріміз бірлесе әрекет етіп, қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қосайық. Себебі қауіпсіз балалық шақ – елдің жарқын келешегінің негізі.
Гулнара ДАУЛЕТБАЕВА,
Қ.Дәрімбаев атындағы ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАНТУ СЫНАМАСЫ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫ ОДАҒЫ: ЕЛ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ КҮШ

       Қазақстандағы ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЗАҚҚА ТӘН ҚАСИЕТ

     Қазақстанда 15 ...

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

        ...

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

        ...

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

       №10 ...

ӘКЕ ТӘРБИЕСІ – АДАЛ АЗАМАТ БЕЙНЕСІ

        ...

БРАКОНЬЕРЛІК – ЭКОЖҮЙЕМІЗГЕ ТӨНГЕН ҮЛКЕН ҚАТЕР

       Бүгінгі ...

ҰСТАЗ — АҚЫН ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

        ...