Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
260 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ДЕРЕКТЕРІ ЖЕЛІДЕ ТАРАЛЫП КЕТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 260 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ДЕРЕКТЕРІ ЖЕЛІДЕ ТАРАЛЫП КЕТТІ

260 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ДЕРЕКТЕРІ ЖЕЛІДЕ ТАРАЛЫП КЕТТІ

         Ағымдағы жылдың басында бұқаралық ақпарат құралдарында «Спортмастер» спорт дүкендері желісінің ТМД елдеріндегі клиенттерінің дербес деректері таралып кеткені белгілі болды.
         KZ-CERTкомпьютерлік инциденттерге ұлттық әрекет ету қызметі (бұдан әрі-Қызмет) тізімде Қазақстан азаматтарының деректері көрсетілген 260 000 артық жол қамтылғанын хабарлайды. Деректердің өзектілігі 2012 жылғы
15 қыркүйектен бастап 2018 жылғы 18 мамырға дейінгі кезеңді құрайды. Файл аттарды, туған күндерді, телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайларын қамтиды.
        «Спортмастер» компаниясы инцидент пайдаланушылардың логиндері мен парольдерін, төлем ақпаратын, сондай-ақ қызметкерлердің есептік жазбаларын қозғамайтынын атап көрсетіп, деректердің таралғанын растады, ішкі тексеру басталды. Алдын ала мағлұмат бойынша таралу осы ақпаратқа қолжетімділігі бар мердігерлердің бірі тарапынан орын алғаны ықтимал.
        1-сурет.ҚР тұрғындарының деректері
 
          Зиянкестер таралу нәтижесінде алған ақпаратты әлеуметтік инженерияда, атап айтқанда конфиденциалды және банктік деректерді алу мақсатында қоңырау шалу мен фишингтік хабарламаларды таратуды жүзеге асыру кезінде пайдалануы мүмкін,  сонымен бірге осы ақпаратты зиянкестер екі факторлық аутентификацияны қоспаған пайдаланушылардың әлеуметтік желілердегі парақшаларын бұзған кезде пайдалана алатынына назар аударуды сұраймыз.
       Деректердің таралып кету тәуекелдерін барынша азайту үшін KZ-CERT қызметі мынадай ұсынымдар береді:
  • қырағылық таныту және ешқандай жағдайда конфиденциалды деректеріңізді бермеу;
  • онлайн-шоппинг үшін виртуалды банктік карталарды пайдалану;
  • қажетсіз телефон қоңырауларына, электрондық пошта мен мессенджерлердегі хабарламаларға күдіктене қарау;
  • мессенджерлерде алатын күмәнді сілтемелерді ашудан қауіптену;
  • қауіпсіздіктің қосымша деңгейін қамтамасыз ету үшін қосымшалар мен сервистерде міндетті тәртіппен екі факторлық аутентификацияны (2FA) пайдалану;
  • қоңырау шалу, электрондық пошта бойынша немесе мессенджерде кәмінді өтініш алған жағдайда, компаниямен тікелей байланысып, оны тексеру қажет;
  • банктік деректеріңіздің жария етілуіне қатысты күдік туындаған жағдайда, картаны бұғаттап, банк бөлімшесімен байланысу және ақшалай қаражаттың шығарып алыну мүмкіндігіне байланысты орын алатын  салдарларға жол бермеу үшін қажет шаралар туралы кеңес алу керек;
  • фишингтік шабуыл жасау арқылы жария ету кезінде, жария етілуі мүмкін болған барлық парольдерді дереу ауыстыру.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...