Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        Елдің ертеңі – бүгінгі таңдаудан басталады. Ал, 23 тамызда өтетін сайлау – әрбір азамат үшін жауапты әрі маңызды күн. Бұл күні халқымыз өз таңдауын жасап қана қоймай, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатынын көрсетеді.
       Сайлау – демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі. Ол азаматтарға өз еркін білдіруге, қоғамдық мәселелерге қатысты көзқарасын заң аясында жеткізуге мүмкіндік береді. Әрбір дауыс – халықтың ортақ пікірін қалыптастыратын маңызды бөлшек.
      Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға сайлау құқығын береді. Бұл құқықты пайдалану – әр адамның азаматтық жауапкершілігін айқындайтын маңызды қадам. Себебі мемлекет тағдырына бейжай қарамайтын азамат қашанда ел өміріндегі маңызды оқиғалардан шет қалмайды. Әсіресе жастардың белсенділігі маңызды. Себебі олар – елдің келешегі, қоғамның қозғаушы күші. Өз құқығын білетін, саналы таңдау жасай алатын жас ұрпақ қана мемлекеттің тұрақты дамуына үлес қоса алады.
       Бүгінгі таңда елімізде әділетті, ашық әрі жауапты қоғам қалыптастыруға бағытталған реформалар жүзеге асырылып келеді. Осындай кезеңде азаматтардың саяси белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігі ерекше маңызға ие. Сайлауға қатысу – осы жауапкершіліктің нақты көрінісі болып табылады.
       Қорыта айтсақ, қазақ халқы ежелден елдік мәселеде бірлік пен парасатқа сүйенген. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген нақылдың мәні де осында. Ортақ іске үн қосу, ел тағдырына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың абыройлы міндеті болуы керек.
Жеңіс ҚОБДА, 
Мақтаарал ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙ: АЗАМАТТАРДЫҢ ҮНІН ЗАҢ ШЫҒАРУ ҮДЕРІСІНЕ ЖЕТКІЗЕТІН ЖАҢА ИНСТИТУТ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАЙЫҚ!

       23 ...

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

        ...

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

        ...

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті танытатын маңызды күн

       Әрбір ...

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...