Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

          «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Отан алдындағы қасиетті борышын адал атқаруға серт берген салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары, ардагерлер, әскери бөлім басшылығы және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев қатысты. Қолбасшы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ант қабылдаған жауынгерлерге жүрекжарды жылы лебізін жолдады.
         Биылғы салтанатты шараның ерекшелігі – Отан алдындағы борышын өтеуге келген екі жүзге жуық жас сарбазмен бірге танымал айтыскер, республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы Жұлдызай Маратбекованың да әскери ант қабылдауы болды. Жұлдызай Маратбекова әскери бөлімде кадр және саптық бөлімшесінің аға маманы лауазымында қызмет атқарады.
         – Бала кезімнен әскери қызметші болуды армандадым. Кейін сөз өнеріне деген қызығушылығымның арқасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын меңгеріп, мектепте ұстаздық еттім. Дегенмен әскери қызметке деген құлшынысым мені бүгін Ұлттық ұлан қатарына алып келді. Енді ел қауіпсіздігі жолында адал қызмет етуге бар күш-жігерімді саламын, – деді қатардағы Жұлдызай Маратбекова.
        Салтанатты рәсім барысында айтыскер домбырамен арнайы арнау орындап, әскери ант қабылдаған жас сарбаздарға ақ жол тіледі. Ол өз жырында Отанға адал қызмет етудің маңызын дәріптеп, жастарды елжандылық пен патриоттық рухқа үндеді.
          Айта кетейік, Өскемен қаласындағы 6699 әскери бөлімінде әскери қызметін өтейтін жас сарбаздар – Абай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарынан шақырылған.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙ: АЗАМАТТАРДЫҢ ҮНІН ЗАҢ ШЫҒАРУ ҮДЕРІСІНЕ ЖЕТКІЗЕТІН ЖАҢА ИНСТИТУТ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАЙЫҚ!

       23 ...

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

        ...

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті танытатын маңызды күн

       Әрбір ...

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында аудан әкімі ...