Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

           Қазақстан Республикасында әрбір азаматтың сайлау құқығын қамтамасыз ету – сайлау процесінің негізгі қағидаттарының бірі. Егер сайлаушы дауыс беру күні өзінің тіркелген сайлау учаскесінде бола алмайтын болса, оның жеке өтініші негізінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат азаматқа заңнамада белгіленген тәртіппен басқа елді мекендегі сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік береді.
         Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі сайлаушының жеке өтініші негізінде оның тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясы арқылы беріледі. Өтініш берген кезде азамат жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге міндетті. Куәлік берілгеннен кейін сайлаушының аты-жөнінің тұсына сайлаушылар тізімінде тиісті белгі қойылады. Бұл бір азаматтың екі рет дауыс беруіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады. Сайлау күні азамат дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы оны келген жері бойынша сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізеді.
       Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беру үшін берілмейді. Ол тек дауыс беру күні тіркелген жерінен тыс жерде болатын азаматтарға арналған. Сонымен қатар, жоғалған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі қалпына келтірілмейді және қайта берілмейді.
        Заңнамаға сәйкес дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру сайлаушылар тізімдері танысу үшін ұсынылған күннен бастап жүргізіліп, дауыс беру күні алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тоқтатылады. Сондықтан дауыс беру күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болатыны алдын ала белгілі болған сайлаушылар учаскелік сайлау комиссиясына уақытылы жүгінгені жөн.
       Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және оларды есепке алу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Әрбір берілген куәлік арнайы есепке алынып, сайлау комиссиялары арасында қабылдау-беру актілерімен ресімделеді. Бұл құжаттардың сақталуы мен пайдаланылуы қатаң бақылауда болады.
       Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі – азаматтардың конституциялық сайлау құқығын қамтамасыз ететін маңызды тетік. Оның заңнама талаптарына сәйкес рәсімделуі сайлау процесінің ашықтығын, әділдігін және дауыс берудің бір реттік қағидатының сақталуын қамтамасыз етеді. Сондықтан әрбір сайлаушы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу тәртібін біліп, белгіленген мерзімдерді сақтауы маңызды.
Марат САҒЫНДЫҚОВ,
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...