Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Мақтаарал ауданында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
        Осы бағдарлама шеңберінде Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елді мекенінде салынған 100 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Соның алғашқы кезеңінде 52 тұрғын үй «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыларға табысталды.
        Пәтер кілттерін табыстау салтанатына Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов қатысып, жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады.
       – Баспана – әрбір отбасының бақыты мен берекесінің, тұрақтылығы мен жарқын болашағының негізі. Сондықтан бүгінгі күн – көптеген отбасылар үшін жаңа өмірдің бастауы, көптен күткен арманның орындалған сәті. Жаңа қонысқа ие болып отырған барлық отбасыларды шын жүректен құттықтаймын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, дастархандарыңыз берекеге толсын! Жаңа үйлеріңізге құт-береке, ырыс пен ынтымақ орнасын! Балаларыңыздың күлкісі үзілмей, әр шаңырақта бақыт пен бақ-дәулет мәңгілік мекен етсін! деді аудан әкімі.
      Жаңа тұрғын үйлер тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне қажетті барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, әрбір үйге табиғи газ, электр энергиясы, ауыз су және кәріз жүйесі жүргізілген. Сонымен қатар, тұрғын үй аумағы толық абаттандырылып, асфальт-бетон жабыны төселіп, кірме жолдар ретке келтірілген.
         Әрбір тұрғын үйдің жалпы аумағы 63 шаршы метрді құрайды. Пәтерлерде кіреберіс бөлме, үш тұрғын бөлме, ас үй және санитарлық торап қарастырылған. Сондай-ақ, әр үйге 7 сотық жер телімі беріліп, тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылық жүргізуіне, бау-бақша өсіріп, тұрмысын жақсартуына мүмкіндік жасалған.
       Жаңа баспананың кілтін алған отбасылар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, көптен күткен армандарының орындалуына үлес қосқан азаматтарға алғыстарын жеткізді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...