Home » Әлеумет » «ADAL_STOPCOVID» ЖОБАСЫ – МАҚТААРАЛДА!

«ADAL_STOPCOVID» ЖОБАСЫ – МАҚТААРАЛДА!

«Adal_StopCovid» жобасы жалғасын табуда. Жоба өкілдері Түркістан өңіріне аяқ басты. Бұл жолы Мақтаарал ауданы, Достық ауылдық округі, Гүлістан елді мекенінде ерекше кездесулер өтті.  Насихаттық жұмыстарымен елімізге кеңінен танылып үлгерген «Adal_StopCovid» жобасының жетекшісі, танымал журналист Айнұр Қоскина, сарапшы, психолог-реабилитолог Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы мен Павлодар облысының бас имамы, сарапшы-дінтанушы Жолдас қажы Қоспақ аға жергілікті тұрғындарға Covid-19 індетіне қарсы екпе жүргізудің тиімділігін түсіндіру бойынша кездесу өткізді.  Айтулы кездесу санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Бұл ерекше кездесудің  Мақтаарал ауданының  дәл осы ауылында өтуінің өз себебі бар. Жоба жетекшісі Айнұр Қоскинаның айтуынша, еліміздегі Ислам дінін ұстанатын өзге ұлт өкілдері немесе этникалық  топтар нақты бір ауылдарда қауымдасып тұрады. Олардың өмір сүру салты бір-бірімен тығыз байланысты. Той-жиын, өлім-жітім болғанда олар қоян-қолтық араласады. Яғни, мұндай ортада түрлі қауіпті індеттердің өршу қаупі де жоғары болады. Сондай қатердің алдын алу үшін, орталық тарапынан сақтануға шақыратын шаралар жүзеге асып отыр. Ал, Гүлістан елді мекеніне негізінен тәжік ұлтының өкілдері қоныстанған.
Кездесуге келгендерге ең алдымен Covid-19 індетінен сақтану жолдары көрсетілген брошюралар таратылды. Соңғы мәліметтер бойынша, (2021 жылдың 25 қаңтары) әлемде Covid-19 дертімен   100 миллионнан астам адам жұқтырып, салдарынан  2,15 миллион адам қайтыс болды. Ал Қазақстанда 2020 жылдың 1 тамызынан бергі уақытта короновирус індетінен 3 мыңнан астам адам көз жұмды. Жоба өкілдері осы деректерді айта келе,  індетті тоқтату үшін әлемде  жаппай вакцинация жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

iz.ru

2020 жылы ЕурОдақ елдері  BioNTech пен Pfizer-ге 300 млн. дана вакцинаға тапсырыс берсе, 2021 жылдың қаңтарында тағы да 300 млн. данаға тапсырыс жасайтынын мәлімдеді. Біздің елімізде де осы жылдың 1-ші ақпанынан бастап жаппай екпе жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Оның алғашқы кезеңінде ресейлік «Спутник V» вакцинасы қолданылады. Ресей технологиямен әзірленген вакцина Қарағанды қаласында шығарылады.  Ал отандық  QazCovid-in вакцинасы да, клиникалық зерттеулерден өткеннен кейін,  жаппай жасалатынын айтты. Қазірдің өзінде   Асхат Аймағамбетов, Ерлан Карин, Бердібек Сапарбаев сияқты шенеуніктер  бұл екпені медициналық  сынақ барысында  алғанына назар аударды.
Айнұр Қоскина елімізде вакцина салдыру ерікті түрде жүргізілетінін, ешкімге қысым жасалмайтынын да баса айтты. «Бірақ бұл жерде Сіздер, өз туыстарыңыз бен дос-жарандарыңыздың өмірлерін есте ұстауларыңыз керек. Сіздің бейқамдығыңыздан бір азамат өмірден озуы да мүмкін»-деді. Сондай-ақ, «екпе жасаттым!» деп жалған қағаз анықтама алудың да пайдасы жоқ. Екпе жасалған әрбір азамат туралы дерек арнайы электрондық базаға енгізіледі. Бүгінде кейбір шет мемлекеттерде  сондай электронды анықтамасы жоқ азаматтарға өз елдерінің аумағына кіруге тиым да сала бастаған. Әзірге бізде ондай тиым жоқ екен еске салды.
Өз кезегінде психолог-реабилитолог Гүлназ Мақсұтқызы бұл кеселдің психологиялық жағына жан-жақты тоқталды.
-«Пандемия адамдардың жақсы және жаман жақтарын ашып көрсетті. Мысалы, ерікті азаматтар тобы, блок-посттарда тұрғандарды күнделікті ыстық тамақтармен қамтамасыз етті.  Қамқорсыз қалған жалғызбасты азаматтар мен өздігінен жүре алмайтындар және әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қажетті азық-түліктерді жеткізіп отырды. Ал, өз басының қамын ойлағандар ел басына күн түскен  тек пайда табуды ойлады.  2020 жылдың жазында, қауіпті індеттің шарықтау шегі орын алғанда халыққа қажетті дәрі-дәрмектіғ құнын шарықтатып, сатты.  Демек, әлем бүгінде пандемияға дейін және одан кейінгі кезең дегенге бөлініп отыр».
Өкінішке орай, кейбір адамдарда былайша айтқанда «Ковидофобия» деген ауру да пайда болды. Ондай азаматтар психологиялық тұрғыдан дертке шалдығып, кез-келген жерден Covid-тің белгілерін көре береді. Оларға психологиялық көмек қажет. «Пандемия кезінде ең бастысы  -жоғары көңіл-күйде болу, уайымға салынбау керек, сонда бұл кеселді тез жеңуге болады» – деді Г.Раздықова. Психолог  жиналғандарға мұндай жағдайда пайдасы тиетін біраз пайдалы психологиялық кеңестер берді. Сөзінің соңында кез-келген ауыл тұрғынына осы мәселеге қатысты психологиялық көмек беруге дайын екенін айтты.
Павлодар облысының бас имамы, сарапшы-дінтанушы Жолдас Қажы Қоспақ аға соңғы кезде әлеуметтік желілерде айтылып жүрген «Ислам вакцинацияға қарсы!»-деген терминді шындықтан алыс екенін айтты.
-«Бұл «дивандық ғұламалардың» ойлап шығарғаны. Еліміздің және әлемнің діни ғұламалары ешқашан ондай ереже шығармаған. Сондықтан әлеуметтік желілердегі күдікті жайлардың барлығына сене беруге болмайды»-деді. Имам өз сөздерін Құран Кәрім мен діни ғұламалардың сөздеріндегі мысалдармен дәлелдеп берді.
-«Ерте заманнан бері діни ғұламаларымыз мұсылман қауымын «Алла сақтасын!» деп, бостыққа салынбай, сақтық шараларын қолдануға шақырған.  Яғни, атам қазақ айтқандай «Сақтансаң  Алла сақтайды». Соны естен шығармау керек. Ислам тарихында түрлі індеттер орын алған. Сол кезде де дінбасылары жамағатқа ол кеселдерден сақтану жолдарын айтып, халықты аман сақтаған. Соның арқасында Ислам мемлекеттерінде Орта ғасырлық Еуропадағы «Қара өлім» атанған оба дертіндегідей адам шығындары (сол кездері Еуропа шамамен өз халқының үштен бірінен айырылды) болмаған. Бұндай сақтық шаралары Ислам тарихындағы тұңғыш эпидемиядан кейін пайда болған еді. Хижраның 18-ші жылында қазіргі Иорданияның аумағындағы «Авамас» атты елді мекенде оба дерті пайда болып, ол біраз аумаққа тарқаған. Індет сол кездегі Ислам әлемінің бірнеше ұлы тұлғаларының өмірін жалмаған екен. Сол індет кезінде кейбір деректерде 25 мың, екіншілерінде 75 мың адам қайтыс болған делінеді. Бұл кесел жан-жаққа тарамас үшін, араб билеушілері бүгінгідей бекеттер қойған»-деді теолог ғалым. Сондай-ақ,  осы бағыттағы басқа да құнды деректерді  жария етті.
Жолдас Қажы Қоспақ аға, өткен жазда Павлодардағы жағдайды айтып берді. Имамның айтуныша, сол кезде Павлодардың өзінде күн сайын орта есеппен 12 адамнан қайтыс болған. Мазараттарда оларға жай дайындап үлгере алмаған жағдайлар да орын алған. Жаназа шығару кезінде індет жұқтырып алып, қайтыс болған шешен имам туралы да айтты. Өкінішке орай, мұндай жағдай Қордай ауданындағы дүнген ұлтының өкілдері шоғырланған 3 ауылда да болған екен.  Жоба өкілдері Қордай ауданында да болғанын еске салғымыз келеді. Ауданның 20 мың тұрғыны бар сол елдімекендерде 38 мешіт болса да, қауіпті індет өршіген кезде мешіттер қайтыс болған адамдардың көптігінен көпшілікке қызмет көрсетіп үлгере алмапты. Теолог ғалым «Сақтық  және де сақтық. Сақтану арқылы біз өзімізді ғана емес, сонымен бірге туыстарымыз бен дос-жарандарымызды түрлі қатерден сақтаймыз»-деп өз сөзін қорытты.
Журналист Айнур Коскина сұрақ-жауапқа көшер алдында, жиынға қатысып отырғандарға атақты ғұлама Ибн-Сина туралы 1956 жылы түсірілген көркем фильмнен үзінді бейнеролик көрсетті. Ұзақтығы 2 минуттай сол туындыда Ибн-Синаның бүгінгі медицина қолданып отырған әдістерді, яғни арақашықтық сақтау, маска тағу, адам көп жиналатын орындарға бармау, сары уайымға салынбай, жоғары көңіл-күйде болу мен т.б. шараларды жүзеге асырғаны көрсетілді. Демек, бұл әдістер талай ғасырлардан бері  қолданылып келе жатқан сенімді тәсілдер деген сөз.
Жиын соңында шараға қатысып отырғандар белсенділік танытып, 2020 жылдың жазында өз бастарынан өткен қиыншылықтар туралы  айтып берді. Бір жақсысы бұл ауылда ол кезде өлім-жітім аз болғанмен, тұрғындар дәрі-дәрмек тапшылығынан қиындықтарға тап болған екен. Егер тағы да сондай қиындыққа тап болсақ, қай жаққа хабарласу керек?» деген сауалға, жоба жетекшісі дәл осындай мәселемен тікелей шұғылданатын колл-орталықтың  «1406» нөміріне хабарласу керектігін айтты. Сұрақтар сонымен бірге, Жолдас Қажы Қоспақ аға мен психолог-реабилитолог Гүлназ Мақсұтқызына да қойылды. Мамандар ауылдықтардың сұрақтарына нақты жауаптарын айтып жатты.
Кездесу соңында  ауыл тұрғындары «Adal_StopCovid» жобасының өкілдеріне маңызды деректері үшін ризашылықтарын білдірді.
Осы ауылдан шыққан соң, орталық мамандары аудандағы тәжік ұлтының өкілдері көп шоғырланған «Фирдоуси» мен «Дихан» ауылдарының тұрғындарымен де кездесулер өткізді.
Айта  кету керек, журналист Айнур Коскинаның осы «ADAL STOP COVID» авторлық жобасы халықаралық, коммерциялық емес INTERNEWS ұйымымен жүзеге асып, Еуропалық Одақ тарапынан қаржыландырылып отыр.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ, 
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

One comment


Notice: Only variables should be assigned by reference in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/comments.php on line 21
  1. Магзумова

    Жақсы мақала екен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...