Home » 2023 » Ақпан

Monthly Archives: Ақпан 2023

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

         Кешегі бағыт-бағдары белгісіз, бақандай он жылға созылған Ауған соғысының қасіреті қазақстандықтарды да айналып өткен жоқ. Бір ғана Мырзашөл топырағынан интернационалдық борышын өтеуге 253 жауынгер аттанып, оның 18-і жат жерде мерт болды. Ауғандық жауынгерлердің өз Отанына, еліне деген адал махаббаты, ерліктері әрдайым келер ұрпаққа ұран болып келеді.        Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық ...

Read More »

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

          Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кездесуден кейін жеке қабылдауын өткізді. Мұнда басқарма, департамент басшылары да бірыңғай қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Облыс әкімі әрбір өтініш пен ұсыныс назарға алынып, заң аясында жұмыс жүргізілетінін жеткізді.           Былтыр өңір басшылығының Жетісай тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер шешімін тауып келеді. Атап айтсақ, 10 мәселе шешілді. Ералиев ...

Read More »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚОҒАМ ДАМУЫ ҮШІН БӘРІМІЗ ӨЗГЕРУІМІЗ КЕРЕК»

        Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесуде ауданда, облыста атқарылған жұмыстарға тоқталып, өзекті мәселелерді де қозғады. Аудан, қала әкімдеріне нақты міндет жүктелгенін айта келе өңірді дамыту үшін тұрғындар да белсене атсалысуы тиіс екенін жеткізді. Сонымен бірге Жетісай шалғайда қалып қойған аудан емес, керісінше даму мүмкіндігі, әлеуеті өте жоғары аймақ екенін атап өтті.     ...

Read More »

“СЫРШЫЛ ӘУЕН” ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

           Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті, «Көркемсурет» кафедрасының доценті, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы  Бүркітбаев Бақтияр Сыбанұлының, «Сыршыл әуен» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанатты кеші өтті. Бұл мерекелік кеш Темірбек Жүргеновтің  125 жылдық мерейтойына арналды.        Тамаша өткен көрмені тамашалауға Қ.З.Халыков,  Ш.Қ.Ергөбек, Б.С.Тұрғынбай, Ж.Қ.Қайрамбаев,  Қ.С. Оразқұлова сынды өнертанушы тұлғалар әрі студенттер қатысты. ...

Read More »

ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘДІСТЕР ТІЛІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ҮЛКЕН СЕП БОЛА АЛАДЫ

      Кезінде КСРО империясы күйреп, дербестікке қолымыз жеткен соң, қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусы беріліп, ол қарқынды түрде дами бастады. Еліміздің әр бұрышынан қазақ тілі қоғамдары, сондай-ақ қазақ тілі комитеттері құрылып, оның деңгейін көтеру бағытында жұмыстар  белсенді түрде атқарыла бастады. Соның арқасында ресми құжаттар – қазақ, орыс тілдерінде қатар жүрсе, қазақ тілін үйретуге бағытталған оқулықтар мен тілашарлар және ...

Read More »

КЕШЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ОРЫНДАЛДЫ

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 255-108 «Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын бағалау және мониторинг жүргізу» кіші бюджеттік бағдарламасына сәйкес «Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу» туралы Қазақстан Республикасы Ауыл ...

Read More »

ТЕАТР РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР

        Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының  Көркемдік кеңесі 2023 жылдың репертуарына алынған заңғар жазушы М.Әуезовтің  «Айман – Шолпан» трагикомедиясы мен  драматург Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әпсанасына  арналып  сызылған безендіру эскиздері  мен костюмдерінің үлгілерін талқылады. «Айман –Шолпан» қойылымының   эскиздері  қазақы ою-өрнектерге өте бай, ұлттық бояуы басым.       Көркемдік кеңес  төрағасы тарапынан   киімдердің сапасына  ерекше мән берілуі  керектігі, өйткені  бұл ...

Read More »

ТАБИҒАТПЕН ДОС БОЛ!

       Жуырда біздің  кітапханамыздың  ұйымдастыруымен  «Табиғатпен дос бол!» атты сурет салу байқауы өткізілді. Бұл байқауға ауылымыздағы Қ.Абдалиев атындағы №54-ші жалпы орта мектебінің даярлық тобының оқушылары қатысты.        Іс-шарнаың мақсаты – жас буынның Табиғат-Анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың бейнелеу өнеріне қатысты қабілеттерін арттыру болды.        Халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев ...

Read More »

АУДАН ӘКІМІ ҚАЛАНЫ ЖАЯУ АРАЛАДЫ

         Сенбіліктің қоғамның назарын тұрғылықты жеріңнің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.  Осы орайда Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлының қатысуымен қала, кент және барлық ауылдық округтерде өткен жаппай сенбілік жұмыстарында аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтауға жұмылдыру ісінде аудан басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, жергілікті әкімдер мен тұрғындар белсенділік танытып, жер-жерлерде арнайы ...

Read More »

ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

       Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқсрамасының және Түркістан облысы волейбол федерациясы президентінің бекітуімен Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ ұйымдастыруымен Жетісай қаласында волейболдан Түркістан облысының чемпионаты өтті.          Чемпионаттың салтанатты ашылуына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас ...

Read More »