Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
АУДАН ӘКІМІ ҚАЛАНЫ ЖАЯУ АРАЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАН ӘКІМІ ҚАЛАНЫ ЖАЯУ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚАЛАНЫ ЖАЯУ АРАЛАДЫ

         Сенбіліктің қоғамның назарын тұрғылықты жеріңнің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.  Осы орайда Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлының қатысуымен қала, кент және барлық ауылдық округтерде өткен жаппай сенбілік жұмыстарында аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтауға жұмылдыру ісінде аудан басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, жергілікті әкімдер мен тұрғындар белсенділік танытып, жер-жерлерде арнайы бекітілген кесте негізінде жұмыстар жүргізілді.
       Ауданда өткен сенбілік аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Сонымен қатар, сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланды.
       Коммуналдық сала мамандарының мәліметінше көп пәтерлі үй маңындағы аумақтары мен аулалары, көше бойында бей-берекетсіз жатқан қоқыстар, ирригациялық жүйелер тазаланған жаппай сенбілікке 2,5 мыңға жуық адам мен 26 техника қатысып, 95 тонна қоқыс шығарылды.  Сонымен қатар, аудан басшысы Ә.Қашаубаев көшесі бойындағы коллектордың, қаланың арық-атыздарының тазалығын, көшелердегі қоқыс тастайтын урналардың бар-жоғын жаяу аралап көрді.
       Бүгінде аудан орталығында жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайтын коллектордың бойында 172 жеке тұрғын үй мен бірнеше көлік жуу орталықтары орналасқан. Бәрі де сарқынды суларын өздігінен қазып алған арықтар арқылы коллекторға төгеді.
        Тұрғындардың денсаулығына алаңдаған аудан басшысы коммуналдық сала басшылары мен қала әкіміне тез арада жеке тұрғын үй секторлары мен көлік жуу орындарын орталық кәріз жүйесіне қосуды, арық-атыздардың тазалығын қатаң бақылауда ұстауды қадап тапсырды.
         Айта кетейік, аудан көлемінде өткен сенбілік шарасын ұйымдастырушылар тазалық жұмыстары тек орталықтарда ғана емес барлық округтерде, елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатындығын, әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп беріліп, тазалықты сақтауға ауыл ақсақалдары да жұмылдырылатынын айтады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...