Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

       Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқсрамасының және Түркістан облысы волейбол федерациясы президентінің бекітуімен Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ ұйымдастыруымен Жетісай қаласында волейболдан Түркістан облысының чемпионаты өтті.
         Чемпионаттың салтанатты ашылуына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Ахан Еселеев, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі төреші, Халықаралық «Алтын Қыран» орденінің иегері, Мақтаарал және Жетісай аудандарының құрметті азаматы Бақыт Жаңбырбаев, волейболдан Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Иса Раймханов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
        2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған чемпионатқа облыстың аудан, қалаларынан келген 13 командада 200-ге тарта жас спортшы қатысуда.
        2008-2009 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасындағы 9-11 ақпан аралығында тартысты өткен байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша чемпионаттың ІІІ орны Түркістан қаласының командасына бұйырса, ІІ орынға Бәйдібек ауданының құрамасы табан тіреді. Ал, І орынды иеленген Жетісай ауданының әуедоп шеберлері чемпион атанды.
         Одан бөлек, Еламан Асабаев «Әділ төреші», Асхат Жанабеков, Марат Кенжебек пен Жолдас Сәрсенбек «Үздік төреші» атанса, Бауыржан Елмұратов ұйымдастырушылардың алғыс хатына ие болды.
        Жарыс соңында жеңімпаз атанған командалар мен «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылдаушы» және «Үздік доп ұзатушы» номинациялары бойынша анықталған жекелеген ойыншылар медальдармен, дипломдармен және заттай бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, үздік ойын көрсеткен әуе доп шеберлері жасөспірімдер арасындағы облыстың құрамасына жолдама алатын болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...