Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

         Кешегі бағыт-бағдары белгісіз, бақандай он жылға созылған Ауған соғысының қасіреті қазақстандықтарды да айналып өткен жоқ. Бір ғана Мырзашөл топырағынан интернационалдық борышын өтеуге 253 жауынгер аттанып, оның 18-і жат жерде мерт болды. Ауғандық жауынгерлердің өз Отанына, еліне деген адал махаббаты, ерліктері әрдайым келер ұрпаққа ұран болып келеді.
       Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Жетісай» мәдениет үйінде өткен «Ерлік – елдің мақтанышы» айдарымен өткен іс-шара Ауған соғысында ерлікпен қаза топқан боздақтарды үнсіздікпен еске алумен басталды.
         Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев тәуелсіздік жолында сан ғасырлардан бері жаумен арпалысып, бүгінгі бейбіт заманды орнатып берген ата-бабамыз бен кешегі Ауған соғысында отансүйгіштіктің нағыз үлгісін көрсете білген боздақтардың теңдесі жоқ ерліктерінің керемет үлгілерін жас буынға дәріптеп, майдангерлерге аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.
       Ал, аудан өнерпаздары өз кезегінде кеш қонақтарына патриоттық әндер шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
        «Ерлік жасау дегеніміз – қолыңа қару алып, жауға қарсы шығу ғана емес, Отаныңа адал қызмет етіп, бойыңа біткен дарының арқылы еліңнің мерейін үстем ету де ерлікпен пара-пар. Сондықтан, қазақстанның әрбір азаматы бар күш-қайраты мен білімін туған жерін түлетуге жұмсауы тиіс. Іс-шараның көздеген мақсатының бірі осыны жастарға ұғындыру болды» дейді аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Күлішұлы.
       Патриотизм – әр жастың бойында балабақша, мектеп қабырғасында қалыптасуы керек. Өкінішке орай, жалпы білім беретін мектептердегі оқулықтарда кешегі ҰОС, ауған соғысында ерен ерлік көрсеткен батырларлырымыз, қала берді 18 ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде туған жерінің тұтастығы мен өз ұрпағының бақытты болашағы жолында қасық қаны қалғанша шайқасып, ұлан-ғайыр даламызды бізге аманттап кеткен ата-бабаларымыздың ерліктері туралы деректер тым аз. Оқулықтарда кеткен олқылықтарды осындай патриоттық маңызы жоғары іс-шаралармен толықтыру бүгінгі жастардың болашағын бағамдауда да үлкен рөлге ие.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...