Home » 2023 » Қаңтар

Monthly Archives: Қаңтар 2023

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА «КЕШКІ ЛИГА» ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

       Жұмыссыз жастар және олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру – қазіргі таңда өзекті мәселе. Олардың басын бір ортаға қосып, қоғамдық ортаға бейімдеу және сол арқылы мәселелерін нақты зерделеу үшін ауданның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кешкі лига» ойындары басталды.       Аталған жоба аудан бойынша 2 кент пен 67 елдімекеннің барлығын қамтып, әрбір елдімекенде аптасына кемінде 2-3 рет ...

Read More »

ДІН БІРЛІГІ – ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ

      Жуырда біздің кітапханамызда «Сейтан ата» мешітінің имамының көмекшісі Қажмұхан Қосбаев ағамыздың қатысуымен «Дін бірлігі-ел тұтастығы» атты сұрақтар мен жауаптар  кеші  болып өтті.       Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға діни тәрбие бере  отырып, адамгершілікке, имандылыққа, бойдағы рухани тазалықты сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Ислам дінін насихаттау. Жастардың өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін ...

Read More »

КІТАП ӘЛЕМІНЕ БІРГЕ БАРАЙЫҚ

       Кітапханамызда ауыл жастарымен біргелікте «Оқитын жастар болашаққа кітаппен» жобасы аясында «Кітап әлеміне бірге барайық!» атты әдеби рандеву өткізілді.        Рухани тұрғыдан маңызы ерекше осы іс-шараның мақсаты – оқырмандардың оқыған қызықты кітаптарымен бөлісуі, қазіргі таңда сұранысқа ие кітаптарға шолу жасау және өзара пікір алмасу болды. Кітап сүйер қауым әр түрлі сала мамандары болғанымен, барлығының басын біріктірген ...

Read More »

КЕНТІМІЗДЕ БІРНЕШЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫ АШЫЛДЫ

     Бүгінгі таңда түрлі ұлт өкілдерінің құт мекеніне айналған Мырзакент кентінде 15 617 азамат тұрады. Оларға үлкенді-кішілі 100-ге жуық дүкендер мен 30-ға жуық кафелер мен асханалар қызмет көрсетуде.         2022 жылы ауданымызда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» негізінде бизнес-идеяларын іске асырғысы келген 224 азамат қайтарымсыз грант иегері атанған. Олар ...

Read More »

БҰЛ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

       Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Сол үшін алдымен қоғамның жегі құрты саналатын сыбайлас жемқорлықпен аянбай күрес жүргізуіміз қажет.       Егемендікке қол жеткізген кезден бері  жемқорлыққа қарсы елімізде ауқымды жұмыстар жүргізуде. ...

Read More »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ КЕРЕК

       Бүгінде сыбайлас жемқорлық  түріне  – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заңбұзушылықтарды жасыру үшін азаматтардан ақша бопсалау, заңсыз жолмен табылған ақшаның депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау жатса, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін ...

Read More »

ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ АЙТУЛЫ ДАТАЛАР

10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні. (Бұл күні 1915 жылы қазақтың дарынды жазушысы Ілияс Есенберлин дүниеге келді.  Ілияс Есенберлинге дейін қазақ әдебиетінде елдің тұтас тарихын тарихы туралы кітап болмаған. Оның кітаптары моңғол дәуіріне дейін Ұлы Дала көшпенділері, Шыңғысхан мен Алтын Орда дәуірі, XV – XVI ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы, оның көптеген жылдар бойы жоңғарлармен шайқастары, қазақ даласының Ресейге қосылған заманы ...

Read More »

ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН САҚТАУ МЕН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІ

         2019 жылы «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен Қарағанды қаласында Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсауы кесілген болатын. Күнтізбені шығарудағы мақсат – ұлт құндылықтарын сақтау мен оларды қоғамда тұрақты  насихаттауға жол ашу. Күнтізбедегі атаулы күндер тарихи тұлғалар мен ұлттық тарихымыз үшін  құнды даталармен етене байланысып жатыр. Жалпы алғанда, ұлт құндылықтарын сақтау, насихаттауға бағытталған ...

Read More »

ҚАНДАЙ ҮЙ ЖАҚСЫ? БІР НЕМЕСЕ ЕКІ ҚАБАТТЫ?

      Көпқабатты үйлердегі көптеген адамдар тітіркендіргіш көршілері бар тар пәтерлерінен дербес жер үйге көшуді армандайды. Бірақ оның тұрғын жайдың шарты қандай болғаны жақсы? ауданы ұқсас бір әлде екі қабат па?        Бүгінде бір жақсысы кез-келген адамның талғамына арналған көптеген жобалар жетерлік. Ең бастысы бұндай таңдауға аса жауапкершілікпен қарап, асықпай артықшылықтар мен кемшіліктерді өлшеңіз, ашық және бірден ...

Read More »

Сіздерді Ислам әлемінің «2023 жылғы туризм қаласы» – Шанлыурфа шақырады

        Аймақта ашылған соңғы археологиялық жаңалықтардың арқасында бүкіл әлемнің назарына іліккен Шанлыурфаға қатысты – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 11-ші Туризм министрлері конференциясында «2023 туризм қаласы» деген шешім қабылданды. Жер шарының 57 мемлекетінен құралған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының талабына сәйкес, Шанлыурфада –  халықаралық халал көрмесі, Ислам әлемі ғалымдары симпозиумы және Ислам әлемін жақындастыратын саяхат кітаптарындағы Ислам әлемі симпозиумы сияқты бірнеше ...

Read More »