Home » Экономика » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ МАҚТАЛЫ ӨҢІРДЕ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ МАҚТАЛЫ ӨҢІРДЕ

            Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Nur Otan» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының мүшесі Ержан Құдайберген Төлепұлы Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келді.
            Мәжіліс депутаты алдымен жиырмаға жуық жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған Қарақай ауылдық округіндегі «Медет Сүт» ЖШС болды.  Алғашында өз қаржысы есебінен жұмысын бастаған аталмыш цех кейіннен «ОҢТҮСТІК» аймақтық-инвестициялық орталығынан 47 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Жалпы өндіріс қуаты тәулігіне 30 тоннадан 9 түрлі сүт өнімдерін өндіруге есептелгенімен қазіргі таңда 3-5 тоннадан аса алмай отыр. Оған себеп – шикізат тапшылығы. Мәжілісменді жұмыс барысымен таныстырған цех басшысы Ғалым Олжабаев алдағы уақытта өнім көлемін тәулігіне 25 тоннаға жеткізіп, ауданның ішкі сұранысын толықтай қамтамасыз етуді жоспарлап отырғандығын айтады.
            Қарақайлық кәсіпкердің жұмысына жоғары баға берген мәжіліс депутаты Жылы су ауылдық округіне атбасын тіреді. Мұнда 40 гектар аумаққа орналасқан «ЕР-ТЕ АГРО» ЖШС жүзім алқабында болды. Бір түпке төртеуге дейін шақ байлап, әрқайсысы 3 келіден өнім беретін украиналық «Одесса» сортты жүзімінің тіл үйірер дәміне тамсанған депутат шаруашылықтың шығыны мен табысына қанықты. Көшетті жерсіңдіру, күтіп-баптау, өнімді өткізу, қолынан іс келетін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелерін кеңінен сөз етті.
            Ауданға жасаған іс-сапары соңында Құдайберген Төлепұлы жергілікті шаруалармен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелерді тыңдады. Парламент қабырғасында аграрлы сектор мен кәсіпкерлік, әлеуметтік, медицина салаларын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Қ.ЖАНДАРБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫН ПРЕМЬЕРАМЕН АШТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ДАЙЫН

        ...

«АЛТЫН ҚАЛАМ» дарынды қаламгерлерді іздейді

Авторлардың жұмыстары қараша айының ...

«ЕРКІН СӨЗ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

        ...

СЕРІК ҮСЕНҰЛЫ МАҚТА ЗАУЫТТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

        ...

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

        ...

АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

        ...

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        ...

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

        ...

9 ҚЫРКҮЙЕК-АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІ

        ...