Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ АЙТУЛЫ ДАТАЛАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ АЙТУЛЫ ДАТАЛАР

ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ АЙТУЛЫ ДАТАЛАР

10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні. (Бұл күні 1915 жылы қазақтың дарынды жазушысы Ілияс Есенберлин дүниеге келді.  Ілияс Есенберлинге дейін қазақ әдебиетінде елдің тұтас тарихын тарихы туралы кітап болмаған. Оның кітаптары моңғол дәуіріне дейін Ұлы Дала көшпенділері, Шыңғысхан мен Алтын Орда дәуірі, XV – XVI ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы, оның көптеген жылдар бойы жоңғарлармен шайқастары, қазақ даласының Ресейге қосылған заманы туралы сыр шертеді.)
1 ақпан — Ұлт денсаулығы күні
2 ақпан – Қазақ баспасөзі күні (Бұл күні 1913 жылғы 2 ақпанда Алаш қайраткерлерінің бастамасымен «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді)
15 ақпан — Ұлттық тарих күні және Тарихи жадыны жаңғырту күні (бұл күні 1915 жылы қазақтың дарынды тарихшысы Е.Бекмахан дүниеге келді)
27 ақпан — Салт-дәстүр күні
14 наурыз — Көрісу күні, Амал мерекесі
22 наурыз – Әз Наурыз
1 сәуір — Қазақ өнері күні (бұл күні 1925 жылы қазақтың дарынды дирижері Н.Тілендиев туған),
9 сәуір – Ұлттық тағамдар күні
12 сәуір – Қазақ ғалымдары күні (бұл күні 1899 жылы қазақ ғалымы Қаныш Сәтбай туған)
15 сәуір – Ғашықтар күні, Селт еткізер – Кестелі орамал күні
24 сәуір — Ұлт қайраткерлері күні  (бұл күні 1883 жылы қоғам қайраткері Х.Досмұхамед туған),
15 мамыр — Аяулы қазақ қыздары күні (бұл күні 1922 жылы қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспан туған),
22 мамыр — Қымызмұрындық мерекесі,
13 маусым — Қазақ халқы күні (бұл күні 1911 жылы Барлыбек Сырттанұлының бастамасымен Қазақ елінің жарғысы,тұңғыш кәсіби конституциясы жазылды),
25 маусым – Шаңырақ көтеру және Қазақ отбасы күні
30 маусым — Қазақ құрылтайы күні  (Бұрынғы уақытта құрылтайда елдік мәселелер қарастырылатын болған. Мысалы 1206 жылғы құрылтайда Шыңғыс Есугейұлы ұлы хан болып тағайындалды. Ал 1726 жылы Ордабасыдағы құрылтайда қазақтар жоңғар басқыншыларына қарсы бірлескен күрес жүргізу туралы шешім қабылдап, Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды.)
15 шілде  — Ұлы Асар күні
27 шілде- Бабалар күні
7 тамыз — Ұлттық ойындар күні,
24-26 тамыз -Туған жер күні (бұл күні 1920 жылы Ә.Ермек, Алаш зиялылары Қазақ елінің шекарасын белгілеу ісін қолға алды)
9 қыркүйек — Алаш ұраны күні
15 қыркүйек- Ел бірлігі және Қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілген күн.
1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар  Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкіл қазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді.
2 қазан — Қазақ ғарышкерлері күні  (бұл күні 1991 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкір ғарышқа ұшты.)
15 қазан – Қазақ тілі күні (Бұл күні 1894 жылы қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин туған).
19 қазан – Қазақ жігіттері күні (Бұл күні 1924 жылы батыр Рақымжан Қошқарбай туған)
1 қараша — Сыртқы және ішкі теріс әсерлерді алдын алу күні (қоғамдағы жетімдер, қарттар үйлері, жас отбасылардың ажырасу жағдайларын, жастар арасындағы нашақорлық т.б теріс жайттарды алдын алу)
15 қараша – Батырлар күні  (Бұл күні 1915 жылы  Ұлы Отан соғысының батыры Мәлік Ғабдуллин туған)
25 қараша — Түркі дүниесі күні (Бұл күні 1891 жылы ғалым В.Томсен Түркі жазуының құпиясын ашты.)
7 желтоқсан —  Ақсақалдар және бата беру күні
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
18 желтоқсан — Тәуелсіздік үшін күрескен ұлт қайраткерлерін еске алу күні.
Н.СҰРШАҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...