Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖЕТІСАЙДА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ТЕГІН ӨНЕР МЕКТЕБІН АШТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ЖЕТІСАЙДА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ТЕГІН ӨНЕР МЕКТЕБІН АШТЫ

ЖЕТІСАЙДА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ТЕГІН ӨНЕР МЕКТЕБІН АШТЫ

            Бүгінде ел болашағы саналатын жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуында мектеп табалдырығының, ұстаздар қауымының, жастайынан немен айналысуға қабілетті екенін нақтылаудың алар орны ерекше. Оларға мектеп қабырғасында тек білім ғана беріп қоймай, адами қасиеттерді, ұлттық салт-дәстүр мен өнерді бойларына мықтап сіңіру де басты назарда. Ал, адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтар бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарының дұрыс қалыптасуында эстетикалық тәрбиенің маңызы аса зор.
        Жуырда жас ұрпақтарға эстетикалық тәрбие беріп, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіруге, біліктілігі мен ойлау қабілетін дамытуға, оқушыларды халықтық музыка мен ұлттық өнерге баулуға бағытталған Жетісай ауданына қарасты Қазыбек Би ауылдық округінің Әбибулла елді мекенінде Аслан Қамысбайдың шығармашылық және өнер мектебі ашылды.
            Салтанатты шараға Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Ғалымжан Әбілқайыр, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, журналист Жаппар Ғаппар, аудандық агалар кеңесі төрайымының орынбасары Раушан Айтышева мен ауыл ақсақалдары, ұстаздар қатысты.
            Шешендік өнер, журналистика, тележүргізуші, эстрадалық вокал мен актерлық өнер, домбыра мен халық биі, бет әрлеу мен грим бояу, гитарамен ән айту және проза-поэзияны мәнерлеп оқу, сурет салу және фортепианода ойнау, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, бисермен жұмыс істеу және тоқыма тоқу секілді үйірмелерге ауылдың 4-18 жас аралығындағы жасөспірімдері тегін қатысатын болады.
            “Бұған дейін перзенттерімізді қандай да бір үйірмеге қатыстыру үшін аудан орталығына тасымалдаушы едік. Ауылдан осындай мектептің ашылғанына, балаларға тегін сабақ беретініне өте қуаныштымыз” дейді ауыл тұрғындары.
             Жеке кәсіпкер Аслан Қамысбайдың жеке қаржысы есебінен ашылған мектепте бекітілген жоспар бойынша айына бір рет Гүльмира Абықай, Ирина Советжанқызы, Асхат Садырбай, Асқар Мендыбаев секілді азулы журналистер, Бақыт Шадаева мен Абзал Тасмуханбет сынды жезтаңдай әншілер, Әкежан Таубалды секілді дәулеткер күйшілер ауыл балаларына дәріс өтетін болады.
            Айта кетейік, Аслан Қамысбай бұған дейін де Алматы, Өрікті, Баяндай, Төлеби, Есік, Қаскелең, Түрген, Алмалы және Талғар секілді аудан-қалаларда жасөспірімдерге арналған осындай тегін мектептер ашқан.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...