Home » Қоғам » Руханият

Руханият

85 ЖЫЛ БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫНДАЙ ТАТУ-ТӘТТІ ӨМІР СҮРУДЕ

Мырзакент кентінің орталвғындағы «Мақтаарал» мәдениет үйінде, Қазақстан кәрістер қауымдастығының ұйымдастыруымен, «Кәріс халқының Қазақстанда тұрып жатқанына 85 жыл толуына орай» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Сөзге шыққан азаматтар екі халық арасындағы татулық туралы мағыналы сөздер айтты. Солардың бірі, өңіріміздің танымал тұлғасы Қасымбек Хаметов мырза ауданымыздағы танымал кәріс ұлты өкілдерінің қызықты өмірі мен олар бағындырған биіктер туралы айтып берді. Салтанатты шараның соңы ...

Read More »

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

        Біздің кітапханамызда осы аптада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында, ұлтымыздың ұстазы, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көсемдерінің бірі, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты тұлға тану шарасы болып өтті.        Бұл рухани шараның басты мақсаты – ...

Read More »

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ТУРИЗМ

        Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып саналған. Қазақстандағы туристік ресурстарға: туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм ...

Read More »

МАҚАЛ-МӘТЕЛГЕ АЙНАЛҒАН ХАДИСТЕР

           Мақал-мәтел арқылы халықтың мәдениеті мен болмысын, тұрмыс-тіршілігі мен этикалық тағылымын, бір сөзбен айтар болсақ, адам өмірінің өткені мен бүгінін танып-білуге арналған дүниелердi айқындауға болады. Сол себепті мақал мен мәтел – халық жадында ұзақ сақталып келе жатқан һәм тіл атаулының қай саласында болмасын ұзақ ғұмыр кешетін тiлдiк бөлшек.           Мақал мен мәтелдер ...

Read More »

АТА ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛМЫСЫ

       «Үй маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қария болса, жазулы тұрған хатпен тең» – деген екен халқымыз, тұла бойымызға даналық, мейірімділік қасиеттерін сіңірген асыл жанымыз – атамыздың берген батасы, сезімге толы сөздері әлемдегі ең қасиетті сөздер болып саналады.        Қазақ халқының тәрбиелік және тәлімдік ой-пікірлері мен жол-жораларының маңызы мынадай жайттарда айшықтала түседі: қазақ ...

Read More »

Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.          Ашылу салтанатында Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Шерхан Мұртазаың отандық журналистика мен Қазақ қоғамын дамытудағы рөліне тоқталды. Алқалы жиынға Нұрлан Оразалин, ...

Read More »

СІЗДЕРДІ «АLEM SAZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ КҮТЕМІЗ!

       «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 7-16 қараша күндері аралығында «ALEM SAZ» халықаралық өнер фестивалін өткізеді.        «ALEM SAZ» – әлем елдері мәдениетін шығармашылық ынтымақтастық арқылы бір платформада біріктіруге арналған халықаралық фестиваль болып табылады. Жоба Қазақстан мен әлемнің 76 елі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға және АӨСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) құрылғанына ...

Read More »

БУРСАДА «ҚОРҚЫТ АТА» ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

      1 қарашада Түркияның Бурса қаласында Түркі ұлттарының басын қосқан  II-ші «Қорқыт ата»  фестивалі  ашылды.        Осы мәдени шараның мақсаты – киноөндірістердің көрермендермен инновациялық кездесуі, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ, киноөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту. кино өнері арқылы ортақ тарихи-мәдени және әлеуметтік құндылықтарды нығайту және байыту.       Фестивалға  – Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен  ...

Read More »

КҮЛКІНІҢ КҮМІС КҮМБЕЗІ НЕМЕСЕ ДАРА ТҰЛҒАНЫҢ ДРАМАТУРГИЯСЫН НЕГЕ ҰМЫТАМЫЗ?

         Садықбек Адамбеков дегенде ең әуелі еске мөлдір моншақтай шашылып түскен күлкі түседі. Неге? Өйткені, қазақ әдебиетінің кең жайлауында ою-өрнек, сән-салтанаты келіскен алты қанат ақ орда тіккендей сонадайдан көзге шалынар сатира жанрының қазығын қадап, керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп кетті. Сәкеңнің өмір жолына үңілсек, ол да әдеби жолын өлеңмен бастаған екен. «Өмір тойы» атты өлеңдер жинағы шыққан. Содан ...

Read More »

СӨЗДІҢ САЛМАҒЫ

       Заман ұстараның жүзіндей мың құбылып тұр. Жаһандану деген жалмауыз желкеден қарауылдайды. Әлем келбеті әлемтапырақ. Ненің не екенін жастар түгілі үлкендердің өзі түсінуден қалған. Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келгендердің өзі отызды алқымдады. Алда – қырық! Дегенмен, біз әлі де оларды баласынамыз. Елдің алдына шығып, кешегі өткен абыз ақсақалдар сияқты суырылып сөз айтуға жарайтындарды аға буын арасынан іздейміз. Бірақ, ...

Read More »