Home » Денсаулық

Денсаулық

SAQBOL ҚОСЫМШАСЫ 100 МЫҢНАН АСТАМ РЕТ ЖҮКТЕЛГЕН

2020 жылғы 4 желтоқсан.   Нұр-Сұлтан қ. «Saqbol» мобильді қосымшасы 100 мың пайдаланушының белгісін еңсерді, олардың 100-ден астамы COVID-19 науқастарымен байланыс туралы хабарлама алды. «Saqbol» қосымшасы коронавирустық инфекцияның таралуын COVID-19 жұқтыру қаупі туралы пайдаланушыларды ескерту жолымен азайту үшін жасалған. «100 мыңдық жүктеу – бұл өте жақсы көрсеткіш, өйткені қосымша тек қазан айында іске қосылды, бірақ бұл да жеткіліксіз. Тиімді болуы үшін ...

Read More »

«Шеврон» Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық қорғау құралдарын жеткізді

Алматы, Қазақстан – «Шеврон» корпорациясы Қазақстан Республикасына көрсеткен гуманитарлық көмек аясында COVID-19 індетімен ауырған науқастарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне арналған дәрі-дәрмектерінің екінші топтамасын және дәрігерлерге 400 000 жоғары сапалы медициналық қолқап жеткізді. «Шеврон» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сатып алынған және Алматы қаласына  жеткізілген қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін құрды. Екінші топтамада  дәрі-дәрмектің 70 000 қаптамасы жеткізілді, олар Қазақстанның барлық облыстық орталықтары мен үлкен қалаларының емханалар мен ауруханаларына жіберіледі. Сонымен қатар, медициналық қорғау құралдары – дәрігерлерге арналған медициналық комбинезондар, бетперделер, қолқап және бахилдер сатып алынады. Олардың қолқаптары бар бірінші топтамасы елге жеткізілді. ...

Read More »

Еліміздің 402 азаматы өткен тәулікте қатерлі дерттен айығыпты

 Қазақстанда өткен тәулікте 402 адам коронавирус індетінен емделіп шықты- деп хабарлайды ҚазАқпарат,  coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Келіп түскен деректерге қарағанда бүгінде өңірлер бойынша жағдай төмендегідей екен: Нұр-Сұлтан қаласында – 39. Ақмола облысында – 41. Ақтөбе облысында – 1. Атырау облысында – 35. Шығыс Қазақстан облысында – 138. Жамбыл облысында – 15. Батыс Қазақстан облысында – 3. Қарағанды облысында – ...

Read More »

АҚШ үкіметі денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мен қоғамның осы салаға сіңірген еңбегін мойындайды

АЛМАТЫ,  30 қараша. Америка Құрама Штаттары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінде Қазақстанмен бірлесіп АҚТҚ-мен өмір сүріп жүргендерге қолдау көрсетеді және ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алады. АҚШ биыл бұл күнді «АҚТҚ/ЖИТС эпидемиясын тоқтату: төзімділік пен биік нәтижеге ұмтылыс» деген ұранмен атап өтеді. Мұндай ұран АҚШ үкіметінің АҚТҚ/ЖИТС эпидемиясын жаһандық деңгейде тоқтатуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басқа да мәселелерді шешу үшін қоғам мен ...

Read More »

БҮГІНГІ КҮНГІ ЕҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ БІРІ

Қызылша– бұл кең таралған жіті инфекциялық ауру, көбінесе балалар ауырады. Оның белгілері дене қызуының 38-40°C-ге дейін көтерілуі, мұрын, көз, тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болу белгілерімен сипатталады. Қызылша бүгінгі күні ең жұқпалы аурулардың бірі. Бұл инфекцияға шалдыққыштық 100% – ол дегеніміз, егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Сол ...

Read More »

ПАЙДАЛЫ ӘРІ ДӘМДІ ЖЕМІС

Асқабақ (cucurbita) – асқабақ тұқымдастарына жататын бір және көп жылдық шөптесін, қолдан өсірілетін усыз, дәмді жеміс. Ол алғаш рет біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болып, 15 ғасырдың соңында Мысырға әкелінген. Ал елімізге ол кейбір деректер бойынша, 19 ғасырда Ресейдің ішкі облыстарынан қоңыстануға көшіп келген шруалар арқылы келген делінеді. Асқабақ бүгінде республикамыздың барлық өңірлерінде, әсіресе, оңтүстік аудандарында көбірек ...

Read More »

ТЕЗ БҰЗЫЛАТЫН ТАҒАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ САҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Тез бұзылатын тамақ өнімдеріне – сапасы мен адам денсаулығына қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы температуралық режимдерді қажет ететін, оларды қамтамасыз етпеу қалпына келмейтін сапаның өзгеруіне, бұзылуға ұшырайтын және тұтынушының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін өнімдер жатады. Оларға мыналар жатады: консервіленбеген ет, құс және жұмыртқа өнімдері, теңіз өнімдері, сүт және балық өнімдері, ұннан жасалған кремді-кондитерлік өнімдер және әрленгенде салмақтық үлесінің ылғалдылық мөлшері 13%-тен ...

Read More »

ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУДАН САҚТАНАЙЫҚ

  Өндірістік жарақаттану өндіріс кәсіпорындарының қызметтік міндеттерін, өндірістік міндеттерін, өндірістік еңбек тәртібін өз дәрежесінде орындау барысында пайда болады. Өндірістік жаракаттану жара, тырнау, ұрып алу қан ағу, сынық, химиялық, термикалық күйік, ток тарту түрінде кездеседі. Жарақаттанудың пайда болу себептері екі топқа бөлінеді; техникалық және қолайсыз санитарлық жағдаймен байланысты болатын себептер.Техникалық себептерге өндірістік процестердің жеткіліксіз механизациялануы, дұрыс ұйымдастырылмаған еңбек жағдайы, жұмысшылардың техникалық ...

Read More »

БОЛБЫРЛЫҚ БІЗГЕ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?

Украинаның Днепропетровск қаласындағы №25 мектебінің химия пәнінің мұғалімдері таңқаларлық тәжірибе жасады. Олар 12 кеміргішті төрт топқа бөліп, біріншісін –чипсымен, екіншісін – кептірілген нан, үшіншісін – тамақтың дәмін арттыру үшін шұжық пен фастфудқа қосатын натрий глутаматпен, төртіншісін –астық, көкөніс, жеміс-жидектермен қоректендіре бастаған. -Балаларға чипсыдың зиян екенін айта бастасаң, олардың ерегіскендей осы азыққа деген тәбеті арта түседі. Содан соң мен кеміргіштерге тәжірибе ...

Read More »