Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДА "ЗАМАНДАСТАР ЖӘНЕ ТЕҢ ҚОҒАМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » МАҚТААРАЛДА «ЗАМАНДАСТАР ЖӘНЕ ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА «ЗАМАНДАСТАР ЖӘНЕ ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

          Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде «Замандастар және тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ресми түрде ашылды.
         Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бақыт Асанов ауданымыздың қазыналы қарияларына арналған орталықтың жұмысымен толық танысты. Сондай-ақ, салтанатты жиынға ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мырза Мұса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров және аудан ардагерлері қатысты.
         Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ауданның 65 жастан асқан зейнеткерлері және 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтары ондаған қызмет түрін бір жерден пайдалана алады. Атап айтқанда, дәрігерлер кеңесі, құқықтық, психологиялық көмектер, емдік дене шынықтыру, шахмат, үстел теннисі, бильярд, ән айту, би билеу, кітапхана, компьютер, интернет курстары, қолданбалы шығармашылық өнер түрлері бойынша қызметтер көрсетіледі.
        «Замандастар және Ten Qogam» әлеуметтік көмек көрсету орталығы аптасына 5 күн, сағат 9:00-ден 13:00-ге, түстен кейін 14:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Әр үйірмеге, топқа азаматтар өздеріне қолайлы уақытқа жазыла алады. Мекен жайымыз: Мырзакент кенті, Мадиходжаев көшесі №4 үй.
          Анықтамалық ақапрат алу үшін +7 778 915 25 75 нөміріне хабарласуға болады. Барлық зейнеткерлерімізді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды уақытын тиімді пайдалану үшін орталығымызға шақырамыз!» — деді ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Мұса.
          Айта кетейік, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен ауданда ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету бағытында көптеген шаралар атқарылып жатыр.  
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...