Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БӘЙГЕ ӨТТІ ДҮБІРЛЕТІП! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » БӘЙГЕ ӨТТІ ДҮБІРЛЕТІП!

БӘЙГЕ ӨТТІ ДҮБІРЛЕТІП!

         Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысы, Шеңгелді ауылдық округіне қарасты «Қосқұдық» ауылында «Аламан», «Топ», «Тай», «Құнан» бәйгелері ұйымдастырылды.
        Жарыс барысында Қапшағай өңірінің әкімі Нұрлан Орынбасарұлы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атбегілерге сәттілік тіледі. Сонымен бірге, ауыл ақсақалдары сайыс басталар алдында бәйгеге қатысушалырға жылы лебіздерін білдіріп, ақ батасын берді.
       Республика деңгейінде өткен осы бәйгеге еліміздің Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Алматы –Талдықорған қалаларының атбегілері қатысты. Соның ішіндегі 25 шақырымдық “Аламанға” – 50 сайгүлек, 15 шақырымдық топ бәйгесіне – 40,  8 шақырымдық құнан бәйгесіне -50, 4 шақырымдық тай жарысына– 30 ат шабысқа жіберілген.
        Жалпы есеп бойынша 100-ден астам тұлпар қатысқан топ бәйгеден – Батыс Қазақстан облысы, құнан бәйгесінен – Ескелді ауданы, тайбәйгеден – Жамбыл ауданы жүлделі орындарға ие болса, ал аламан бәйгесінен  Қордай ауданы бас жүлдені жеңіп алып, тігілген «Лада Гранта» автокөлігін қанжығасына байлады.
Ардақ  ҚАСЫМХАН, Қапшағай қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...