Жетісайға келген Өмірзақ Шөкеев базардағы өрттің салдарын жою бойынша штаб отырысын өткізді. Комиссия төрағасы С.Қалқаманов, жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдары өкілдері, «Күлпаршын» базарының иелерінің қатысуымен өткен жиналыста Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек облыс әкіміне аудандағы жағдайды баяндады. «Бүгінгі күнгі болжамды есеп бойынша 613 азамат, 1119 сауда нүкте өрттен жапа шеккен. Келтірілген ...
Read More »АЗАМАТТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ ОСЫНДАЙДА БІЛІНЕДІ
Ел басына күн туған қиын-қыстау сәттерде бір шаңырақтың астына бірігіп, елдің елдігін көрсеткен қазақ батырларының ықылым замандағы ерлігін Жетісай ауданының жастары қайталап отыр. Нұрлыбек Мутаев бастаған аудан жастары мен қайырлы істерден қалыс қалмайтын «Мұрагер» мейрамханасының басшысы Әсия Балғабаеваның ұйымдастыруымен Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» орталық базарында тосыннан болған өртті толығымен ауыздықтауда тынымсыз жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер мен оқиға орнындағы, ...
Read More »АСҚАҚТАЙ БЕР, АТА ЗАҢ!
Мақтаарал ауданының орталығында «Асқақтай бер, Ата Заң!» атты мерекелік іс шара болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова көпшілікті Конституциямыздың 27 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сөзінің арасында аудан әкімі Б.Асановтың көршілес Жетісай ауданындағы орталық базарда орын алған өртке орай сол жақта жүргендіктен бұл шараға қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады. Содан кейін бір топ мемлекеттік қызметкер мерекеге орай марапатталды. Көпшілікті Елбасының сыныптасы ...
Read More »КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯН ӨТЕЛЕТІН БОЛАДЫ
Жетісайда базардағы өрт салдарын жою бойынша Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың төрағалығымен құрылған арнайы комиссия жұмысын бастады. Оқиға орын алысымен ауданға жеткен Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары Нұралы Абишев, Тимур Қырықбаев пен Талғат Қаржауов өрттен жапа шеккен кәсіпкерлермен кездесіп, өртенген базар аумағын аралады. Базар басшыларымен сөйлесіп, айтып ...
Read More »ШЕКАРАДА ОҚ АТЫЛДЫ
Шекара шебінде шекарашыларға қарата оқ атылды. Оқиға 25 тамыз күні кешкі уақытта ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Рабат» шекара бөлімшесінің сол қанатындағы учаскесінде орын алды. Сол күні «Рабат» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары аға лейтенант Әлішер Өтеп басқарған «Барлау-іздеу» атты шекара наряды мемлекеттік шекараға 1,5 шақырым ...
Read More »ЖАС ҚАРИЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ
Иманды, ибалы ұрпақ тәрбиелеу аға буынның басты борышы. Тәлім-тәрбие жүйесінің алға қойған нақтылы мақсаты болмаса жас ұрпақтың санасы сергелдеңге ұшырап, сандалып қалары анық. Ұлттық болмыс – жас ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбие негізінде қалыптасады.Осы мақсатта Жетісай аудандық орталық «Нұғман» мешітінде ауданға қарасты мешіттердің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ Республикалық байқауына Түркістан облысы бойынша іріктеу сайысы болып өтті. Сайысты ...
Read More »ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саласы саналатын аграрлы аймақ – Жетісай ауданының дихандары үшін әрбір күн мен сағатты тиімді пайдалану өте маңызды. Мол табысқа жетуде уақытылы дән сеуіп, дер кезінде минералды тыңайтқыштарды беру, кешіктірмей егістікті сығару үлкен рөл атқарады. Тынымсыз еңбек өз нәтижесін берері де сөзсіз.Ала жаздай таңның атысынан кештің батысына дейін егістік алқапта тынымсыз еңбек етіп, еңбексүйгіштіктің озық үлгісін ...
Read More »АРДАГЕРЛЕРГЕ СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ
Ардагер – құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мағынаны білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық «АРДАГЕР» деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылғанда ғана ардагер бола алады. Міне, осындай ел ағалары атанған ардагерлерге арнап ашылған ...
Read More »ЖЕТІСАЙДЫҢ «ДАРЫН» МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Өткен оқу жылын табысты тәмамдаған «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» жаңа оқу жылын да үлкен қуанышпен бастағалы отыр. Жетісай аудандық мәслихатының депутаты, білікті басшы Көбейбек Алиев басқарып отырған аталмыш білім ұясының ұстаздары мен шәкірттерінің білім деңгейімен, түрлі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында жеткен жетістіктері бойынша мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттарының арасында республикада ІІІ ...
Read More »МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Жетісай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 28.07.2022 жылғы №22 шешімін орындау, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын, жеке уақытын тиімді жоспарлау мақсатында, Жетісай ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында «Жеке тиімділікті дамыту: тайм менеджмент» тақырыбында семинар-трениг өтті. Семинар-тренигке Қазақстан ...
Read More »