Home » Қоғам » Руханият

Руханият

ДІН МЕН ДӘСТҮР ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

       Біздің зайырлы мемлекетіміз үшін діни және дәстүрлі әдеп-ғұрыптардың маңыздылығы қаншалық? Әлбетте, маңызы ерекше. Себебі, зайырлы мемлекет «дінсіз мемлекет» деген сөз емес. Зайырлы мемлекетте дін теріске шығарылмайды, керісінше, діни сенім бостандығы қамтамасыз етіледі. Әркімнің өз қалауына сәйкес діни сенімді ұстануға немесе ұстанбауға еркі бар. Біздің Қазақстан қоғамы руханилыққа ерекше жақын, ол халықтың дінге деген ықыласынан да көрінеді. Еліміздегі ...

Read More »

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ УАҒЫЗШЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІЛІГІ

        Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарында дін саласындағы бос орынның біраз бөлігін сырттан келген діни топтар мен ұйымдар толтырды. Олардың бір бөлігі араб елдерінен, орталық Азия арқылы Үндістан, Ауғанстаннан, Таяу Шығыс пен Түркия елінен келген діни жамағаттар да болды. Әрбір әлеуметтік топтың бір мақсат айналасында топтасып, ұйымдасып, өзіне сай сипат қалыптастыруының артында үлкен әлеуметтік, экономикалық, саяси және тағы ...

Read More »

ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КОНТЕКСТІНДЕГІ ДІНИ САНАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

       Адам табиғатының ерекшелігі сол өткенін саралап, болашаққа жоспарлар құрудан тұрады. Мұның барлығы тікелей адам санасымен байланысты. Әлемнің барлық елдерінде дінге сенушілердің көп болуына қарамастан, діни сананың күшімен шешілмейтін көптеген қарама-қайшылықтар туындап жатыр.       Жалпы алғанда, діни санаға қатысты барлық мәселелер қоғамның, адам өмірінің өзгергендігін және олардың жаңа рухани құндылықтарға ұмтылып жатқандығын көрсетеді. Діни сана жаңа, ...

Read More »

АУЫЛЫМ

      2020 жылдан бастап «Сәкен Сейфуллин» атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Тарих» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін Жәйірбек Бекбол Жәйірбекұлының бойында ақындық қабілет бар. Ол 1982 жылы 11 ақпанда Алматы  облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылында өмірге келіп,  1999 жылы Қаратұрық ауылындағы  Авут Саттаров атындағы орта мектепті бітірді.       2007 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық ...

Read More »

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

       Ислам діні қазақ даласына таралғаннан бастап, ғасырлар бойы халықтың өміршең рухани-адамгершілік құндылықтарымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен кірігіп, дін мен дәстүр бірлігін құрады. Яғни, қазақ үшін дін – дүниеден тыс тұрған әлдебір тылсым күш емес, қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, дәстүрін, дүниетанымын көктей өтіп жатқан негізгі арқау болады.       Қазақ мәдениеті ғасырлар бойы Құран ...

Read More »

КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ

        Қайырымдылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Адамдар айналасындағы жандарға мейрімділік, қайырымдылық танытса, өзінің адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Ата-бабамыз қайырымдылықты сауапты іс деп қабылдап, ұрпағын әрдайым жақсылыққа, адалдыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке баулыған. Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа іспеттес, ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, ...

Read More »

ЗАЙЫРЛЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ДІН ҚАТЫНАСТАРЫ

     Біз өмір сүріп жатқан технологиялық ғасыр, ақпараттық-коммуникациялық төңкеріс ғасыры дейміз, сондай-ақ спутниктер, бағдарламалар және жаһандану ғасыры немесе ғаламтор дәуірі деп әртүрлі атаулар берудеміз. Бұл дәуірдің өткен ғасырлардан мүлде ерекше екендігі айдан анық.      Тұнғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, неге әлемге әйгілі ірі дамыған он мемлекеттің тізімінде бірде-бір мұсылман елі жоқ. Бәлкім, бұл мұсылман әлемі нақты жауап таба алмай ...

Read More »

БИДҒАТ ҰҒЫМЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ

       Ислам дінінің таралуы мен қарқын алып дамуы тарих беттерінде баяндалғанындай, Орта Азияның  мұсылмандану кезеңі түркі қағандары тұсында бастауын алып, Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдады. Қазақ мемлекеті құрылуы кезеңінде нығайа түсіп, қазақ халқының тарихы мен руханияты, мәдениеті мен дәстүрінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болды. Тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Түрлі мұсылман бірлестіктері мен ...

Read More »

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БІР ТУАР АЙТУЛЫ ТҰЛҒАСЫ

          Өткен жарты ғасырдағы қазақ елінің даму барысы Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы халықтың қамын ойлайтын нағыз мемлекет қайраткері болды. Сондықтан Қонаевтың өмір жолымен танысу мен үшін де маңызды да қызықты.     Қонаев Дінмұхамед Ахметұлын білмейтін адам кемде-кем. Оны білмеу, танымау үлкен әбестік болар. Сондықтан осы мақала арқылы үлкендеріміз есіне алса, жас буын «Тау ...

Read More »

Makerspace Expands! Artisan Exchange бірлескен жобасы ұсынылды

        Алматы, 10 қараша 2022 –  (Тhe Smithsonian Senter for Folklife and Cultural Heritage) Chevron компаниясының және Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен Makerspace Expands! Artisan Exchange бірлескен жобасын ұсынады.         Бұл жоба қазақстандық және американдық сәндік-қолданбалы өнер шеберлеріне виртуалды «жұптық» мастер-класстар кезінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Мастер-класстардың қатысушылар қазақстандық, сондай-ақ американдық жақтарынан суретшілер болды.   ...

Read More »