Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
АДАМЗАТ ТАРИХЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ – МӘДЕНИЕТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » АДАМЗАТ ТАРИХЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ – МӘДЕНИЕТ

АДАМЗАТ ТАРИХЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ – МӘДЕНИЕТ

           Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі – мәдениеті. Мәдениет дегеніміз – білім, сенім, құндылық,өнер, заңнама, әдеп, тарихи құндылықтар және тілдердің жиынтығы. Сол арқылы адамзаттың ой-өрісін кеңейтіп, сезімін бекітеді, сонымен қатар адамның жеке  тұлғалық қасиетін қалыптастырады.
           Өркениетті ұлт бәрінен бұрын тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.
          Көрнекті әдебиетші ғалым Құлбек Ергөбек «Түркістан жинағы» атты кітабында былай деген еді: «Адамзат ұрпағы басынан кешкен замандарды көз алдыңызға елестетіп, оны көңілге түйгіңіз келсе, жарқын болашаққа нық сеніммен ой жүгірткіңіз келсе, ең алдымен, мұражайға кіріп, ондағы жәдігерлердің сырына үңілудің маңызы зор».
           Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шығатыныңыз анық. Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен. Мұражай жәдігерлері ғылым мен өндірістің алуан түрлі салаларын қамтиды. Мұражай – тарих, мұражай – шежіре. Мұражай – білім-ғылым. Сан-салалы өнер мен ғылым қоспасы – мұражай.
          Т.Джефферсон: «Сіздің артыңызда қалдырған мұраңыз – жинаған байлығыңыз, жай ғана құндылықтар емес, жақсы өткізген өміріңіз. Құндылықтар – адамдардың  не үшін өмір сүретінінің  белгісі».Тарих, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану, әлеуметтік антропология ғылымдары бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі көрнекті ғалымдар Роман Мариновский, Виктор Тернер, Клод Ливестроз – бұлардың барлығы мұражай қызметкерлері. Әлемдік мәдениетте сүбелі еңбектері мен мәңгі өлмес ғылыми туындыларын қалдырған ғалымдар мұражайда қызмет ете жүріп, ойларын дамытқан.
           Ал енді Ислам мәдениетіне қарай ойыссақ. Мәлік Ибн Нәби берген анықтама бойынша Ислам мәдениеті – бұл жансыз мұра ғана емес, адам баласы дүниеге келген сәтінен бастап-ақ жолығатын мінездік қасиеттер мен құндылықтар. Әрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан нысаналы шындық. Оның ішінде адам баласы өз тұлғасын, табиғатын бейнелей алады. Осылайша ғылым мәдениет арасындағы айырмашылық айқындалады.
          Ислам діні бөтен мәдениеттерді жатсынған емес. Қайта оларды өркендетіп, жақсы жақтарын алып отырған. Ислам мәдениеті көптеген халықтарды, ұлттарды бірлестіреді. Оларды білімге, ғылымға және мәдениетке жетелейді. Сондықтан да ислам дініне енген халықтардың арасында рухани мәдениет орта ғасырда өз деңгейінде дамып отырды.
          Өркениетті елдерде дінге, мәдениетке, мұражайға деген жалпыхалықтық махаббат айрықша. Сондықтан біз қазақ мәдениетін әлемге таныту үшін, алдымен, өз елімізде мәдениетке, рухани құндылықтарға деген құрмет пен білімді жоғарылатып, ғылыми негіздерге сүйеніп, жіті зерттегеніміз жөн. Егер барымызды бағалай білсек, бізде басқаға танытарлық байлығымыз жетерлік. Бүгінгідей індет қысқан кезеңде керекті істен кейіндеп қалмай, барынша белсенділік білдіруімен мәдениетке деген құрмет сезімін ортайтпағандар келешекте де ел тосқан тұстан көрінеріне күмән жоқ.
Б.АБДРАХМАН,
«Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...

САНДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ОҚУ АНАЛИТИКАСЫ: МЕКТЕП БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ

        ...

ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

       Қазіргі ...