Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН МІНДЕТТІ ЕСЕПКЕ АЛУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН МІНДЕТТІ ЕСЕПКЕ АЛУ

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН МІНДЕТТІ ЕСЕПКЕ АЛУ

           Түркістан облысы ветеринария басқармасы ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 21-бабы 2 тармағына сәйкес үй жануарларының иелеріне 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке қою(чиптеу) бойынша арнайы «TANBA» дерекқор базасы жұмыс істейді. Әр азамат өзінің иелігіндегі ит-мысығын есепке қоюға міндетті. Аталған қызмет ветеринар мамандары тарапынан ақылы негізде жүргізілетін болады.
          Чип салу бізге не үшін қажет? Чип салу жануарларға неғұрлым жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді және қаңғыбас иттер мен мысықтарға қатысты мәселені шешуі мүмкін. Иесі жануар үшін жауапты, ол жануар қоғамға қауіпті болмайтындай жағдай жасауға міндетті.
          Чип салу – арнайы чиптерді қолдана отырып, жануарларды таңбалаудың қауіпсіз және заманауи әдістерінің бірі. Чипті жануарға енгізу ауыртпай жасалатын процедура.
         Бірдейлендірудің заманауи әдістері мыналарды қамтамасыз етеді:
  1. Жануарларды ауыстырып алу мүмкін емес.
  2. Құтыруға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егілмеген жануарларды тасымалдау мүмкін емес.
  3. Чип салу – жануарды иеленуге қатысты дау туындаған кезде маңызды дәлел бола алады.
          Чип жануардың өмір бойы қауіпсіз және сенімді түрде сәйкестендірілуіне, алдағы жүз жыл ішінде нөмірдің қайталанбауына кепілдік береді, ал биоүйлесімді шыны микрочиптің жылжып кетуіне жол бермейді. Бүгінгі күні жануарларға чип салумен аудан, қалалардағы ветеринариялық малдәрігерлер айналысады.
         Құрметті үй жануарларының иелері, осы мәселеге жауапкершілікпен қарап, үй жануарларыңызға қамқорлық жасауды сұраймыз. Есепке алу қағидаларын бұзған жағдайда 10 АЕК айыппұл көзделгенін естеріңізге саламыз.
А.МАМБЕТОВ,
Түркістан облысы ВБ «Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК Мақтаарал аудандық филиалының рабиолог маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...