Home » Әлеумет » АЛАШТЫҢ ДІНИ ТАЛҒАМЫ МЕН РУХАНИ МЕНТАЛИТЕТІ

АЛАШТЫҢ ДІНИ ТАЛҒАМЫ МЕН РУХАНИ МЕНТАЛИТЕТІ

           Жасындай жарқ етіп, қазақ көгіне күн болған, қараңғылық, надандық атаулымен егесіп өткен Алаш арыстары – ұлт болмысы мен салт-дәстүрін, құндылықтарын бағдар етіп, батыстың дамыған елдеріндей зайырлы, ғылым мен білімге негізделген мемлекет құруды аңсады.
          Қазақ тарихында өзіндік ерекше орны бар Алашорда қайраткерлерінің атқарған еңбектері орасан зор екендігі белгілі. Заманауи өркениетке сай өрлеген Алаш зиялылары Патша үкіметі құлағаннан кейін қазақ автономиясы жобасын жүзеге асырып, Алаш партиясы мен автономиясын құрып, мемлекеттік билік жүйесі мен шекараны айқындау, ұлтаралық және дінаралық қатынастарды реттеу мәселелерін ортаға алды. Ұзақ уақыт отарлық езгіде келе жатқан қазақ халқының   азаттықты аңсаған жаңа саяси ойы мен әрекеті, шынында, діни-рухани қызметшілердің от тастауымен тұтанды. Қозғалыс дін адамдарының қарсылық істерінен бастау алып, бірінші орыс революциясының дүмпуімен жаңаша мазмұнда дами бастады.
         Алашорда үкіметін құру 1905 жылдары басталды. 1917-20 жылдары аралығында алғаш болып Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған зиялы тұлғалар Алаш партиясының негізін қалап, Әлихан Бөкейхан төраға болып сайланды.
         Алаш қайраткерлері: «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құр­дастық саяси ісін ұғынбаса, тезек теріп, тарих жолында артта қалады. Бақыт, махаббаттан тысқары болады. Бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?»,-деп жалпыадамзаттық, өркениеттік, шынайы демократия биігінен ой өрбітсе, Алаш партиясының бағдарламасы арқылы қазақ елінің болашағын, мемлекет ретінде қалыптастыру стратегиясын айқындап берді. Алашорданың қазақ халқы үшін, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін сөз бастап шыққан қайраткерлерінің жобасында сол кезеңдегі іргелі мәселелерді көтерген бағдарламасын жариялады. Бұл бағдарламаларда: жаңадан құрылатын мемлекеттің құрылымы, бостандық, құқық, дін ісі, билік, әскер, салық, жер, білім мәселелері қамтылды.
        Осы мәселелер турасында ең өзекті тақырыптардың бірі – дін мәселесі. Алаштықтар партия бағдарламасына жеке тарау ретінде дін мәселесін енгізді. Себебі сол уақыттарда дінді желеу етіп, қазақтың түп-тамырын, рухани діңгегін шайқалтқысы келген Ресей империясының «Указной молдалары» елді ерік жігерінен айырып, құлдық қамытын кигізуге ұмтылды. Хат танитын қожа-молдалар шежірелерді өздерінен, тіпті арабтан таратуға тырысып, ұлттық тарихты жоққа шығара бастады.
Қазақтың түп атасы – батыр Түрік
«Арабсың» деген сөздің түбі шірік
«Пәленше сахабаның затысың»,-деп
         Алдаған дін жамылған өңкей жүлік,-деп, Шәкәрім атамыз осы «Указной молдаларды» айтқан болатын. Указной молдалар қазақ дәстүрін жоюды мақсат тұтты. Бұл мақсатты олар ең әуелі аналарымызды қоғамнан шеттету, аластау арқылы жүзеге асырғанын білдіреді. Еуропалық саяхатшылардың жазбалары бойынша, кейінгі этнографиялық деректерінде: «Бір кездері ән айтып, айтысқа, сөз айтысқа емін-еркін түсетін, еркін ойлы қыз-келіншектердің қараңғы тіршілікке ақырындап бойұсына бастағанын аңғарамыз. Құлқын ойлаған діншілдер қыз балаларды тым ерте тұрмысқа беру, жас баланы шалға қосуды заңдастыру секілді абыройсыз істерге де жол беріп отырды»,-делінген. 1914 жылы Әлихан Бөкейханның «Мұсылмандар сьезі» атты мақаласында қыз балалардың тағдыры мен қазақ тілі мәселесі қозғалды. «Бөрікпен ұрғанда құламаса, балиғат жасына жеткені»,-деп үкім шығарған молдаларға қарсы Алаш арыстары қыз баланың ерте тұрмыс құруы зиян екенін дәлелдеп, қыздардың неке құру жасын 13-тен 16-жасқа ұзартады. Осы мәселелер секілді қазақтың болашағына алаңдаған Алаш арыстарының көтерген тақырыптары «Діни фанатизмге» емес, керісінше «Зайырлылық» сипатқа негізделген деп толық айта аламыз.
          Алашорда үкіметінің жариялаған бағдарламасында дін ісі мемлекет ісінен бөлек болуы, барлық діндердің теңдігін қамтамасыз ету мен ұстануға еркіндік беру қарастырылған. Қазіргі таңдағы еліміз бекіткен зайырлылықтың бастауы Алаш автономиясынан алған деуге толық негіз бар. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымын өзгертіп, өз тамырынан, түп негізінен ажыратуды көздеген Патша үкіметінің саясатына бірден-бір тосқауыл бола білген осы Алаш автономиясы болатын.
        Алаш қозғалысы қайраткерлері мұсылмандықтың өркендеуіне үлес қосу мақсатында мерзімді баспасөзде тұрақты түрде мақалалар жарияланып отырды. Сол кезеңдердің жаршысы саналған қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты», «Қазақ», «Сарыарқа», «Айқап», «Шолпан» сынды газет-журналдардың ел ара­сында қоғамдық пікірді мыңдаған оқырманға жеткізу барысында айрықша маңыз­дылыққа ие болғаны шындық. Баспасөздерде жарияланған ақпараттардың көздеген мақсаттарының ең өзектісі қазақ халқына, еліне жан­ашыр­лық таныту, ұлттың еркіндігі мен азаттығын алу, діні, тілі, мәдениетін сақ­тау екендігі анық.
          Қайраткерлердің барлығы дерлік алғаш сауатын ауыл молдаларынан алған. Олар осы негізгі білімін мемлекеттік дәрежеде іске асырып, елге қызмет етудің ұлттық мүддесімен ұштастыра білген. Сол кезде діни білім беріп жүрген дін қайраткерлері Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ғұмар Қарашұлы ұлттың рухани бай болуын, діні мен тілінің жойылмай, ата-дәстүрін сақтау арқылы дамуын ең басты орынға қоя білді. Оған бірден-бір себеп  кеңестік саясаттың кең етек алуы – қазақ халқының дінсіз болып кетуіне ықпал етті. Кеңестік идеологияның әсерінен атеис­тік көзқарасты ұстанған азамат­тар шыға бастады. Қазақ қанша мұсылмандықты ұс­танса да, атеистік көзқараста болса да дәстүрін ұмытпаған. Дәстүр мен діннің біте қайнасып, қатар жүретінін уақыт әлдеқашан дәлелдеп қойған. Белгілі дінтанушылардың өзі «Дін – кеңес үкіметі тұсында дәстүрдің сақ­талып қалуының арқасында жойылып кетуден аман қалды»,-деген тұжырымдаманы алға тартады. Бұл Алаш қозғалысы өкілдерінің дінге баса назар аударуының бірден-бір дәлелі. Оған үш түрлі себеп бар: біріншісі – алаш зиялыларының имандылығы, екіншісі – мұсылманша сауат ашып, дәстүрмен ұштастыра білуі, үшіншісі – ұлтқа деген шынайы жанашырлықтары.
           Ұлттық дәстүр мен мәдениетті, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын теріске шығаратын, өнер мен әдебиетті мойындамай, ғылым мен философияны «Адасушылыққа» балайтын, таным барысында ақылдың рөлін мейлінше төмендетіп, тек буквализм мен догматизмге сүйенетін, тақуалығын тәкаппарлықпен дәріптеп, басқа пікір мен өмір тәртібін ұстанатындарды күпірлік деп санап, жүрегіндегі ізгілікті қатыгездікке айырбастап үлгерген жат ағым өкілдерінің дініміздің дәрежесін түсіріп жүргені анық. Олардың жасанды, адамзат санасы мен ұлт дамуына қайшы келер қағидаларының алды ор екені белгілі, бірақ сол орға өздерімен бірге қаншама көзі ашық, көкірегі ояу, бірақ тәжірибесі аз жастарымызды өздеріне тарту қаупі басым болып тұр. Сондықтан, Алаштықтар алаңдаған, бүгінгі қазақ қоғамы уайым жеген бұл өзекті мәселенің тек қана зайырлы біліммен  шеше алатынымыз анық. Қоғам алға дамуы үшін ескі қателікті қайталауға болмайды. Алаш арыстарының да өсиеті де сол болатын.
Г.БЕКЖАН, Теолог маман

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...