Home » Business » “АЗИЯ ДАУЫСЫ” ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

“АЗИЯ ДАУЫСЫ” ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

          2 шілде  Алматыда  биік  таулы  «Медеу»  мұз  айдынында «Азия дауысы»  пикнигі  ұйымдастырылдыӘсем  таудың  арасында  28-30 шілде күндері аты аңызға айналған «Азиядауысы» фестивалі жалғасын таппақ.
         «Азия дауысы»  пикнигі  шынайы  серуенге  негізделдіАтап  айтатын  болсақдәмді  тағамдардемеушілер  тарапынан  көптеген түрлі ойындар мен ісшаралар  (сыйлықтарымен),  шеберлік  сабақтарышеберлердің  ерекше  безендірілген  шатырларыдемалыс орындары және ең бастысы – әсем әуен. «Медеу»  сахнасында  таңның  атысынан  күннің  батысына  дейін  Алматы  қаласында  өткен  «Жас қанат-2023»  жасорындаушылар  байқауының қатысушылары  мен  жүлделі орын  иегерлері  өнер  көрсетті.         
           Қойылым  арасында  үлкен  экраннан  «Азия дауысы»  фестивалінен  бейнероликтер  көрсетілдіҰйымдастырушылар  пикник  қонақтарымен  осыдан  30 жыл  бұрын  өнер  көрсеткен  жұлдыздарды  еске алдыХалық  қосылып  ән айтыпби биледіБұл – сағынышқа  толы  сәттер  болдыАл  пикник  кешін  көпшіліктің  сүйіктісіне  айналған  МолданазарСадраддин және PLEBS тобы тамаша ән шашуларымен қорытындылады.
          «Азия дауысы» пикнигі  –  жаңаша  көзқараста  қайта жалғасын  табатын  «Азия  дауысы»  фестивалінің  тұсау  кесері  ретінде   аталып  өтті
          Бұл туралы фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов былай деді:
        «Біз үшін пикник – өте  маңызды  оқиғалардың  біріЖыл  басында  «Азия дауысы»  фестиваліне  дайындық  барысында «Азия дауысы»  халықаралық  фестивалі  қоғамдық  қорының  негізін  қалаушы  және  президенті  Ирина  Ковыряко  ісшараның  толық  нұсқасын  ойластырдыСоның  бірі Алматыға  кері  қайтаруымыз  керек  болған  «Жас қанат»  байқауы.         
     Сонымен  қатар,  Азия  дауысының  символына  айналған  күн  басқан ерлердің  бейнесі  табылған  Таңбалыдағы  петроглифтерге саяхат едіБұлардың барлығы бір тізбектің буыны. «Азия дауысы»  фестивалі  мен  байқауы 20  жылға  жуық  уақыт  өткізілмедіСоңғы  фестиваль  2004  жылы  өттіАрада  ұзақ  үзіліс  болғандықтанкөп  нәрсе ұмытылып  кеттіСондықтан  бәрін қайта қалпына келтіругетура келеді.
           Осы  тұста  фестивальді  бастапқыда  жасауға  атсалысқан Мұрат  Ирғалиев  және  Александр  Пономаревпен  қайта  қарымқатынас  құрыпжұмысты  жалғастырамызБ ұл командамен 2004 жылы жұмыс істеген кезде  iPhone, смартфон, iPad, тіпті 5G интернеті  де болған жоқЯғнибүгінгідей мүмкіндіктер болмады.
           Біздің  міндетіміз  –  бар  қабілетіміздімүмкіндігіміздішығармашылығымызды  біріктіре  отырып, «Азия  дауысын»  заман  талабына сай етіп дайындап шығуБұл – әринеоңай емесБіз барлық ісшараны  жоғары  деңгейде  ұйымдастыруға  тырысамызОсы тұста, 28, 29  және  30  шілде  Медеуде өтетін  «Азия дауысы»  фестивалі  көрермен  көңілінен   шығу  үшін  бар  күшімізді  саламызҚазір барлық сәт  пысықталудаМені  ерекше  қуанышқа  бөлеген  жайт – алматылықтар  мен  қала  қонақтарының  керемет  достық  көңілі  болдыАл  бұл  біз  үшін  маңызды  жайт деп айтуға болады.  28 шілдеде өтетін «Азия Дауысы» фестивалінің ашылу салтанаты керемет өтетініне сенімдімін.
          Фестиваль   бұл  жолы  өзгерістерге  толы болмақМәселенбиыл «Азия дауысы» байқауы болмайдыБіз әзірге старт-концерт   жасап  жатырмызӨйткені  адамдар  байқауға  қатысу үшін  алдымен  Қазақстанда  мәдениетті  әрі  қауіпсіз  адамдар   тұратынына   көз жеткізіпсенім білдіруі тиісБұл«Азия дауысының»   2023 жылғы  басты  міндетіФестивальдің бірінші  күнінде   тек қазақстандық өнерпаздар сахнаға шығадыБұл  фестивальдің  екінші  күні өнер  көрсететін  Black  Eyed  Peas  тобының    концертінен де шулы болыпөтетініне сенімдімін. Ал «Азия  дауысының»  үшінші  күні  аты  аңызға  айналған  әншілер   мен топтарға арналадыСебебі аталмыш күні «Ялла», Юлдуз Усманова,  Secret Service  өнер  көрсетедіБірақ  жұлдыздар   тізімі  бұнымен аяқталмайдыОл  үшін  хабарламалармызды  бақылап  отырыңыз!
        Айтпақшы, «Азия дауысы – 2023»  фестивалінің  бас серіктесі  әрі  бірлескен  ұйымдастырушысы  Halyk Bank болды.   Бұл   кездейсоқ  емесСебебі биыл Halyk Bank өзінің ғасырлық  мерейтойын  атап өтеді.  Осы   оқиғаға  байланысты  «100   игі  іс»  ауқымды  акциясын  өткізбекОның  аясында бүкіл  ел бойынша  әлеуметтік  жобалар  мен  әлеуметтік   маңызды   бастамалар  жүзеге асып жатыр. «Азия дауысы»  фестивалі  осы жобалардың  маңызды  бөлігі   болмақӨйткені  фестиваль  Halyk Bank демеушілігімен  өтеді.
ttjk

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...