Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
СЕРГЕЙ ПЕН: «82 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ, АЛ ЖАЛАҚЫ – 136 МЫҢ ТЕҢГЕ» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » СЕРГЕЙ ПЕН: «82 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ, АЛ ЖАЛАҚЫ – 136 МЫҢ ТЕҢГЕ»

СЕРГЕЙ ПЕН: «82 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ, АЛ ЖАЛАҚЫ – 136 МЫҢ ТЕҢГЕ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушылары неге ғылыммен айналыспайтыны туралы айтты.

Сергей Пен — «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің әкімшісі

«Оның басты себебі — ғалымдардың жалақысының төмендігі. Егер бакалавриат, магистратура, докторантура түлектері ғылыммен айналысқысы келсе де, экономикалық жағдайлар кедергі келтіреді. Қазірдарынды жастарды академиялық жолға шақыру қиын. Елімізде ғылымға 82 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Соған қарамастан Ғылым комитетіне қарасты ғылыми ұйымдардың орташа жалақысы 136 мың теңгені құрайды. Мұндай жалақы кімге керек? Доллармен есептесек, бұл жалақы тіпті 10 жыл бұрын да аз болған. Еліміздегі тікелей қаржыландыру жүйесін ғалымдардың еңбекақысы нжоғары жалақы төленетін мемлекеттік қызметшілердің санатымен теңестіретін немістердің моделіне көшуд ұсынамын», — деп түсіндірді Сергей Пен ADAL BILIM алаңындағы тікелей эфирде.
Талқылау барысында жас ғалым Мақсат Жабағин да отандық ғылым саласын гранттық қаржыландыру тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынды. Аталған саладағы проблемаларды шешудің жолдарын ұсынып, ғалымдарды тікелей қаржыландырудың өзге жолын ұсынды.
«Біздегі гранттық қаржыландыру жүйесінде үнемі ғалымның өзі емес, ғылыми идеясы бірінші орында тұрады. Сондықтан болашақта бұл тұжырымдаманы қайта қарастырып, алдыңғы орынға ғалымдарды қою қажет. PhD дәрежесін қорғағандардың бәрінің ғылыми зерттеулеріне конкурссыз-ақ алғашқы гранттарын беру керек. Кейін ол кәсіби тұрғыда дамиды және біліктілігі артқан сайын оған келесі гранттар беріледі. Егер ол қандай да бір позициялық кезеңде тиісті талаптарға сай келмей қалса, гранттық қаржыландыру бойынша бәсекелестік ортаға түседі. Яғни бұл — ғалымдарды тікелей қаржыландыру жүйесінің баламасы», — деді ҚР БҒМ ҒҚ «Ұлттық биотехнология орталығының» Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабағин.
ADAL BILIM жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...