Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мақтаарал ауданында 4 мектеп пайдалануға берілді. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаевтар аталған мектептердің ашылу рәсіміне қатысып, лентасын қиды. «Ел игілігіне беріліп жатқан Иіржар ауылдық округі Мақтажан ауылында орналасқан 200 орындық «Мақтажан» жалпы орта мектебі, Жаңажол ауылдық округі Арайлы ауылында орналасқан С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебі, Ж.Нұрлыбаев ауылдық ...
Read More »ТАС МҮСІНДІ ТАМАШАЛАУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА
Биылғы жылы Шардара су қоймасында су мөлшерінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты пайда болған мүйісте бірқатар тарихи артефактлер табылған болатын. Мұндай тарихи құндылықтар негізінен су тартылар күз айларында ішінара көрініп жатады. 1958-1963 жылдары Шардара су электр стансасы мен су қоймасы құрылыстарының қарқынды кезеңдерінде Мәскеу мен Алматы қалаларынан келген ғалым-археологтар тобы аудан аумағындағы бірқатар тарихи нысандарды анықтап, алғашқы кезектегі археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. ...
Read More »«ҰЗЫН АТА» КЕСЕНЕСІНІҢ ЖАНЫНАН МУЗЕЙ МЕН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
Түркістан облысының тарихи-мәдени, табиғаты ерекше жерлерін, тарихи тұлғаларын жұртшылыққа кеңінен таныстыру арқылы аудандағы туризм саласын дамыту мақсатында Шардара ауданында орналасқан «Ұзын Ата» мавзолейінің жанынан тарихи-танымдық музейі мен ескерткіш тақтайшасы ашылды. Музейдің ашылу салтанатына Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен «Ақ жол» парииясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Әбжанов, тарихшылар мен өлкетанушылар, ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты. Алдымен ...
Read More »ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ТҰСПА-ТҰС КЕЛГЕН МЕРЕЙТОЙ
Шардара ауданына қарасты 10 мыңға жуық тұрғыны бар Алатау батыр ауылдық округінің негізі 1971 жылы Целиный және Қазақстан күріш совхоздарының құрылуы арқылы қаланған. Кеңестік кезеңде күріш егуден Одаққа танылып, ВДНХ-ның бірнеше жүлделерін жеңіп алған. Бүгінде аудандағы округтер арасында да жан-жақты көш бастап тұрған аталмыш округ Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген өзінің жарты ғасырлық мерей тойын жоғары деңгейде атап өтті. Салтанатты мерей той ...
Read More »АДАЛ КӘСІП — АРДЫҢ ІСІ
Былтырғы жылы Шардара аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында 4 отырыс өтіп, өтінім берген 180 азаматтың 130-ның құжаты мақұлданып, мемлекеттік грант берілген. Ал, биылғы жылы 91 адамнан келіп түскен өтінімдердің 70-і мақұлданып, қаржы алған азаматтар өз кәсіптерін ашып жұмыстарын жасап жатыр. Сала мамандарының мәліметінше былтырғы жылы мемлекеттік қайтарымсыз қаржы алғандардың басым бөлігін мал шаруашылығымен айналысатындар құраса, биылғы грант иелері нан өнімдерін ...
Read More »АҚЫНДАР ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАДЫ
Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында «Мен Тәуелсіздікті жырлаймын» атты аудандық жазба ақындардың мүшайрасы болып өтті. Аталмыш шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев аудан әкімінің мерекелік құттықтау хатымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қыл қаламды жанына серік етіп, жалынды жырларымен жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп келе жатқан азаматтарға алғыс хаттар табыстады.Өнер ...
Read More »ҚАЛТАЛЫ АЗАМАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған, кеудесінен итермеген текті халық екені тарих қойнауына енген сан ғасырлардан бері белгілі. Тәуелсіз елдің бүгінгі азаматтарының ішінде қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқандары да баршылық. Мемлекетке алақан жайып отыруды жөн санамаған ел ағалары түрлі қоғамдық қайырымдылық қорларын ашып, көптің көмегімен шын мұқтаж жандарға қолұшын созып келеді. Сондай қайырымдылық қорларының бірі «Шағалалы Шардара» ...
Read More »52 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Қызылдың құмынан орын алып, бүгінде атырапқа аты мәшһүр шағалалы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантады. Күн санап мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, ескілері жаңартылып жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй қорын жаңғырту ...
Read More »ШАРДАРАДА КӘСІП АШҚАНДАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН
Шардара ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылып, жемісін беріп отыр. Нақтырақ айтар болсақ, “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына биылғы жылдың соңына дейін жоспардағы қатыстырылуы тиіс 3872 адамның 3682-сі қатыстырылып үлгерген. Оның ішінде 1165 тұлға жұмыссыз болса, 1961 адам ...
Read More »ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА
Қоғамнан оқшаулаусыз жазаға тартылған сотталғандар арасындағы қайта қылмыстардың алдын алу үшін қыркүйек айынан, желтоқсан айы аралығында республикалық профилактикалық іс-шара жүргізіледі. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақтылы анықтау үшін, тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының ...
Read More »