Home » PRESS RELEASE » 77 РАУШАН ГҮЛІ МЕН 30 ЖЕМІС АҒАШЫ…

77 РАУШАН ГҮЛІ МЕН 30 ЖЕМІС АҒАШЫ…

Көктеммен бірге көгалдандыру жұмысы да келді. Сенбіліктер өтіп, түрлі жеміс ағаштарының көшеттері егіледі. Жер емген диқандар егістік даласына асығады…

«Ағаш ексең аялап, басыңа болар сая бақ» деген. Сенбілік жұмыстарынан шекарашылар да тыс қалған жоқ. Департамент, шекара басқармалары және ел шебіндегі шекара бөлімшелерінің аумақтарында сенбіліктер өтіп, көгалдандыру жұмыстары жандануда.

Солардың ішінен, ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының кәсіптік-техникалық және дайындық бөлімінде жас жауынгерлер курсынан өтіп жатқан «Көктем-2022» шақырылымының жас сарбаздары «Ұлы Жеңістің 77 жылдығына – 77 раушан гүлі» және «ҰҚК Шекара қызметінің 30 жылдығына – 30 жеміс ағашы» акцияларына қатысты. Аталған басқарманың Ақжар елді мекеніндегі кәсіптік-техникалық және дайындық бөлімінің аумағына егілген көшеттерді сарбаздар шекараға атанғанға дейін өз қамқорлықтарына алады. Отанымыздың болашақ оғландары отырғызған әсіресе ағаш көшеттері Алматының апорттары сортынан екен.  

…Біз келгенде ауланың іші құлпырып тұрған болатын. Қайда қарасаң да әскери тәртіп. Өткен жылы егілген ағаштар гүлдепті. Сарбаздардың екеуін сол жақтан көрдік. Бірі болашақта жеміс беретін шыбықтың түбін қопсытып жатса, екіншісі су құйып жатыр. Өздерінің жүздерінен ерекше көңілділік байқалады.

…Біз ұжым болып ақылдаса келе, жақындап келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесінің 77 жылдығын және Шекара қызметінің төл мерекесін осындай шарамен ерекше атап өтуге бір ауыздан шешім қабылдадық, – дейді Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары – кәсіптік-техникалық және дайындық бөлімінің бастығы полковник Алмасы Базарқұлов. Көр де тұрыңыз, мына кішкентай көшеттер күні ертең жайқалған ағаштарға айналса, біздің 77 раушан гүліміздің хош иісі, келген жандарды еліктіріп, көздің жауын алатын болады… 

Көшеттер отырғызылатын шұңқырлар дайындалып, қасына шелекпен су жеткізіліп қойылыпты. «Ал, бастаңдар!» деген пәрмен берілісімен, сарбаздар іске кірісіп кетті. Мағжан Жұмабаевтың «Біз жанбасақ, лапылдап, аспан қалай ашылмақ…» дейтін жастары.

Санаулы күндерден кейін Отанына адал қызмет атқаруға ант беретін сарбаздарды бүгінгі шара патриоттық рухқа тәрбиелесе, екінші жағынан табиғатты аялауға баулып жатыр еді.

Шаттық ҚУАНЫШБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...