Home » PRESS RELEASE » «ЖАСЫЛ ЧЕЛЛЕНДЖ» ШАРАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА

«ЖАСЫЛ ЧЕЛЛЕНДЖ» ШАРАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА

        2022 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Қазақстанның экологиялық қоры ағаш отырғызу бойынша «Green challenge» республикалық шарасын ұйымдастырады. Ағаш отырғызу «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өтеді.
         Аталған челлендж Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектеп орталығы алаңында бастау алған болатын. Эстафета Маңғыстау облысына беріліп, ол облыстың Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы №1, №6 және №11 жалпы білім беру мектептерінің аумағында ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Челенджге Қарақия ауданының әкімшілігі мен білім басқармасы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, экологтар, мектеп оқушылары мен жастар және т.б. табиғат жанашырлары қатысады. Осы жолғы челлендж 17 қыркүйек күні өткен «World Clean-up Day 2022» бүкіләлемдік тазалық шарасы аясында ұйымдастырылуда.
         Дүниежүзілік тазалық күні немесе World Clean-up Day – бұл кішкентай Эстониядағы тазалық күнінен бастау алып, бүгінде жыл сайын 191-ден астам елді біріктіретін ауқымды акция екенін атап өтейік. Жылда 60 миллион ерікті ортақ шаңырағымыз планетамызды тазарту үшін осы күні арнайы жиналады. Тазалық акциясы Жаңа Зеландияда басталып, Гавайиде аяқталады. Қазақстан – 2018 жылдан бері ауқымды акцияның белсенді қатысушысы, елімізде бұл экошараға қызығушылық танытатындардың саны жыл сайын артып келеді.
          2021 жылы акцияға 200 000-ға жуық қазақстандық қатысып, ел бойынша 15 000 тоннадан астам қоқыс жиналды, оның 5 000 тоннадан астамы қайта өңдеуге жіберілді. Қазақстанның экологиялық қоры осы жоба аясында дүниежүзілік тазалық қозғалысына қатысып, өз тарапынан ағаштар отырғызуды жыл сайынғы дәстүрге айналдырды.
           Белгілі қоғам қайраткерлерінің, экологтардың, мектеп түлектерінің атынан отырғызған осындай шара келешек ұрпақтың экологиялық ой-өрісін қалыптастырады. Сонымен қатар осындай саябақтар балалардың демалуына, табиғатты аялауға тәрбиелейді. Ал бұның барлығы сайып келгенде жастарды табиғатқа жанашыр болуға және экологиялық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді.
       Мектептерде ағаш отырғызу күндері: 1)21 қыркүйек сағат 11:00-де №11 жалпы білім беру мектебінің аумағында; 2) 22 қыркүйек сағат 11:00-де №6 жалпы білім беру мектебінің аумағында; 3) 23 қыркүйек сағат 11:00-де №1 жалпы білім беру мектебі аумағында өтеді.
Жоба офисінің мекенжайы:
Астана қаласы, Е көшесі, 3 үй, «Меркурий-2» ТК, +7 7172 57 43 68,
Жауапты тұлға: Тел: +7 7013988564 – Қамария Рамазанқызы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Қазақстанның барлық кәсіпкерлік саласын дамытудағы елеулі қадам

        ...

АРАБҚА АҢСАРЫ АУҒАН АРУ

Сабырбек ОЛЖАБАЙ          – ...

«Бүгінде бизнес жүргізуде әйелдер ер адамдардан кем түспейді»

         ...

«ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

3168,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ШЫҒАРЫЛДЫ

Аудан экономикасы:             Өнеркәсіп. ...

«БЕЙМЕЗГІЛ ЖЫРЛАР»

        ...

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

        ...

А. Балаева: Министрлік Әділетті Қазақстанның құрылуына елеулі үлес қосудағы жұмысын жалғастыратын болады

        ...

«ПАТШАСЫ – АСЫЛ СӨЗДІҢ»

               ...

Попробуйте список знаменитых турецких десертов Atlas, которые вы не должны пропустить

        ...