Deprecated: tie_mega_menu_walker::display_element(): Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919 Deprecated: tie_mega_menu_walker::display_element(): Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919 Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

         Бүгін Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті.

        Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады.
        Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан және волейболдан турнир өткен болатын.
          Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды  мақсат еткендер де бар.
          Қасымжан Айдар, «Белгібай» командасының капитаны:
          «Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше екені бәріміз мәлім. Алматы қаласының NEET санатындағы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» жобасын аясындағы осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз! Әрине, болашақта үлкен додаларға түссек па деген»  арманы бар екенін тілге тиек етті.
          Турнир Алматы қаласы Алатау ауданындағы ADD үстел теннис орталығында өтті.
           Аталмыш шараға «Қазына», «Арлан»,  «Батыр», т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан сонымен қатар  NEET санатындағы, яғни жұмыссыз жастар арасында 30 қатысушы қатысты.
         Алғашқы іріктеу кезінде 2 топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.
        Турсынбаев Зиядулла мен Онласын Аян Алтын медаль мен кубок үшін бар айла-тәсілін қолданып-ақ бақты. Дегенмен 3:2 нәтижесімен Турсынбаев Зиядулла басым түсіп, «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен үстел теннисінің жеңімпазы атанып, Алтынды өз қанжығасына байлады. Ал үшінші орынның кубогын сарапқа салған Сейтбаев Алмат пен Шаюпов Дильмурат арасындағы ойында 3:0 есебімен Сейтбаев Алмат үшінші орын кубогын иленді.
         Өзара бақ сынасқан турнир жоғары деңгейде өтті.
         Турнир қортындысы бойынша, бірінші орын алған Турсынбаев Зиядуллаға 250 мың теңгенің, екінші орын алған Онласын Аянға 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі қатысушы Сейтбаев Алмат пен Шаюпов Дильмуратқа 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.
         Енді  алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан кемінде 16 команданың, ал киберспорт бойынша әр спорт түрінен 30 (отыз) қатысушының қатысуымен турнир ұйымдастыру жоспарда бар.
Назира БУРХАНОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІКТІҢ 10 АПТАСЫНА ДЕЙІН ЕСЕПКЕ ТҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

        ...

КЕНЕДЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

       Күн ...

СУҒА КЕТУ КЕЗІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

        ...

МАНТУ СЫНАМАСЫ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫ ОДАҒЫ: ЕЛ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ КҮШ

       Қазақстандағы ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЗАҚҚА ТӘН ҚАСИЕТ

     Қазақстанда 15 ...

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

        ...

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

        ...

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

       №10 ...