Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ASSYL ARLAN ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ASSYL ARLAN ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ASSYL ARLAN ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Абай облысы Ақсуат ауданында «Асыл бесік — Ақсуат» фестивалі аясында қазақ күресінен ASSYL ARLAN республикалық турнир өтті.

Бозкілемге көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары бақ сынады. Олардың ішінде әр жылдары ауыр және аса ауыр салмақта «Өгіз балуан» және «Түйе балуан» атанған еліміздің 80-нен аса айтулы балуандары бар.

Осы респуьликалық турнирдің “Түйе балуаны” болып жергілікті Абай облысының тумася Ерасыл Қажыбаев атанды. Финалда ол жерлесі Даурен Нуралинов жанбас әдісімен ұтып басым түсті. Жүлделі үшінші орынды Түркістан облысынан келген Қайсар Шамшадинов пен Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов иеленді.

«Түйе балуан» жеңімпазы су жаңа актокөлікке ие болды. Екінші орындағы спортшыға төрт миллион тенге беріпсе, үшін орын иегерлері екі миллион теңгеден алды. «Өгіз балуанда» жеңісті бірінші орынды тағыда жергілікті Абай облысының спортшысы — Дидар Тұқышев — қанжығасына майлады. Финалда ол Жетісу облысынан келген балуан Рауан Алтынбектен мықтырақ болды.

Айта кетейік, Рауан Алтынбек күрес барысында жарақат алып сайысты жалғастыра алмай, техниқалық жеңіліс тапты. Жүлделі үшінші орынды Жамбыл облысының спортшысы Ернұр Сүлеймен мен Армия орталық спорт клубынан (ЦСКА) келген Ибрагим Нұрмаханұлы иеленді.

“Өгіз балуан” атанған спортшыға 5 миллион теңге бұйырды. Екінші орын иегеріне 3 миллион берілсе, үшін орын алғандар 1 миллион тенгеден алды.

«Атам заманнан қазақ пен көкбөріні егіз ұғым деп жатады. Жалпы қазақта қасқыр атаулыға құрмет ерекше. Қасқыр-асыл жануар. Арлан қасқырдың еркегі, мықтылықты, күштілікті, рухты білдіреді. Арлан деген есім қазір балаларға да беріліп жүр. Бір жағынан «ASSYLTAS» қоғамдық қоры бас демеуші болғаннан соң, «ASSYL ARLAN» деген атау қойдық», — деп ұйымдастырушылар турнирдің ерекше атауын түсіндіріп берді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...