Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

         Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен 2024 – 2025 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.
        Серік Үсенұлы өз сөзінде аудандағы мектептер мен мәдениет ошақтарындағы, денсаулық сақтау мекемелеріндегі қажетті көмір отынымен қамтамасыз ету шараларын тездету керектігін айтты.
        Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетовтың мәліметінше биылғы жылы жалпы аудан бойынша алынуы жоспарланған 37 917 тонна көмірдің 31 586 тоннасы тұрғындардың, 6331 тоннасы бюджеттік мекемелердің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бүгінде сұраныстың 564 тоннасы ғана тасымалданған.
         Өткен жылы елді мекендерді табиғи газға қосу жұмыстарының жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде қатты отынға деген сұраныс 2023 жылмен салыстырғанда бюджеттік мекемелерде 14,5 пайызға, тұрғындар арасында 25,6 пайызға төмендеп, 184 бюджеттік мекеменің 114-іне сығымдап шаю жұмыстары жүргізілген.
         Сонымен қатар, аудандағы 9 бюджеттік мекеменің жылу жүйелерін табиғи газға ауыстыру үшін облыс қазынасынан 230 млн 870 мың теңге қаралып, 3 денсаулық сақтау нысанының мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталған. Қалған 6 білім беру нысандарына мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда.
        Жиын соңында аудан басшысы тамыз айының соңына дейін қажетті қатты отын көлемінің толықтай тасымалдануын, көмір сақтау қоймаларында техника және өрт қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуын бақылауды тапсырды. Жылу жүйесінде кемшіліктері бар салаларға қазан айының бірінші жартысында қысқы маусымға толық дайын болу керектігін ескертті.
Бауыржан НАЙМАНОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...