Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АУДАН ҰСТАЗДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » АУДАН ҰСТАЗДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

АУДАН ҰСТАЗДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

        Мемлекетіміз егемен ел болғалы еңсемізді тіктеп, біртұтастығын қалыптастыратын, өзге елге елдігін танытатын мәдениетімен қоса білім, ғылым салаларына жаңашылдықтар енгізілді. Ал, білімді дамыту – өзгелермен тәжірибе алмасуға тікелей байланысты болатыны анық. Бұл бағытта ұстаздардың біліктілігін арттырып, білімін жетілдіруі, білім беру жүйесінің озық тәжірибелерін жетік меңгеруі аса маңызды.
           Осы мақсатта Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№58» жалпы орта мектебінде «Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуға бағытталған командалық әдістемелік жобалардың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Мектеп ұстаздарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жүргізіліп келе жатқан әдістемелік жобалармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Зәуре Оспановамен қатар бөлімге қарасты мектептерден 105 мұғалім қатысты.
         «Сабақтарды бірлесіп жоспарлау», «Мектептегі жиынтық бағалау тапсырмаларын дайындауды ұйымдастыру», «Ашық сабақтар марафоны» командалық және «Нақты дағдыларды (тыңдалым, айтылым, зерттеушілік) дамытуға бағытталған Lesson Study» зерттеу сабақтары жобалары бойынша жұмыс жүргізетін аталмыш мектеп ұстаздары қазақ тілі, ҚББ үйірме, әдебиеттік оқу, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика, химия, биология және қазақ әдебиеті пәндері бойынша бір мезгілде 11 сыныпта ашық сабақтар өтті. Сондай-ақ, мектеп ұстаздары мен оқушыларының қолөнер және сурет көрмесі ұйымдастырылды.
           «Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болуы үшін білімді ұрпақ болуы шарт. Ол үшін бар ғұмырын жауапкершілігі мықты салаға арнаған білікті ұстаздарымызға артылар жүк ауыр болмақ. Бізге артылған сенім үдесінен шығу мақсатында ұстаздарымыздың кәсіби біліктілігін, оқушыларымыздың білім сапасын арттыру мақсатында үнемі ізденіс үстіндеміз. Әлемдік жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді меңгеру арқылы білімді ұрпақ тәрбиелеуге күш салып жүрміз» дейді «№58» жалпы орта мектебінің директоры Рабиға Алиева.
            Семинарға қатысушылар А.Мырзадияр, Л.Көбеева, Н.Халықова, Т.Қайықбаева, А.Дәулетова, Ф.Қилыбаева, П.Шамшибекова, А.Мейірманова, Д.Махатова, А.Әнуарбек, А.Баярстанова секілді ұстаздардың ашық сабақтарына қатысып, әрбір ұстаздың жаңашыл тәсілі мен оқушылардың белсенділігіне жоғары бағасын берді.
        Семинар соңында мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды. Патриоттық әндер шырқалып, тарихи оқиғалардан театрландырылған көріністер көрсетілді.
         Айта кетейік, аталмыш мектепте бүгінде 312 оқушыға білім беретін ұстаздардың 45-і шебер ұстаз, 9-ы зерттеуші, 16-ы сарапшы және 8-і модератор санатындағылар.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...