Home » Қоғам » Білім саласы » ЖАС ШЕКАРАШЫЛАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ЖАС ШЕКАРАШЫЛАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

                Мектептерде әскери-патриоттық клубтарды жандандырып, жұмыстарын жүйелеу, жастарды әскери іс-қимылдарға қызықтыру – бүгінгі таңда аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, Ата Заңымыздың 36 бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы әрі міндеті» деп көрсетілген.
             Міне, осы бағытта Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №47 «М.Мақатаев» атындағы жалпы орта мектебінде «А.Шуканов» атындағы жас шекарашылар әскери-патриоттық үйірмесіне жаңадан қабылданған оқушылардың ант қабылдау салтанатты рәсімі болып өтті.
             Шараға Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық, дене шынықтыру пәндерінің әдіскері Ғалымжан Боранбаев, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерінің жетекшілері мен ата-аналар қатысты.
            Салтанатты ант қабылдау рәсімінен кейін Ж.Ералиев және Абай ауылдық округінің 12 мектебінің жас шекарашылары саптық көрініс, саптық тұрыс және саппен ән айту , Калашников автоматын уақытқа бөлшектеу және жинақтау, пневматикалық қарумен нысанаға ату, жарықшақты қол гранатасын дәлдікке лақтыру және кермеге тартылу сынды әскери жаттығу түрлерінен өзара сайысқа түсті.
             «Мектеп қабырғасынан бастап әскери-патриоттық тәрбие беру тек қана 10-11 сыныптардың бастапқы әскери дайындық сабақтарында ғана емес, барлық сынып оқушыларына сабақтан тыс өткізілетін іс-шаралар арқылы да беріледі. Оқушыларды мектепте әскери-патриоттық іс-шараларға жиі қатыстыру арқылы олардың Отанға деген адалдығы мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруларына ықпал жасауға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңірулеріне қол жеткіземіз. Жастарымызды қазіргі еліміздің демократиялық ұстанымдарына баули отырып оларды жан-жақты, білімді азамат ретінде өсіру – мектептің, сонымен бірг, бастапқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының басты мақсаты болып табылады» дейді Ғалымжан Әденұлы.
               Ел егемендігінің кепілі оның қарулы күштері болса, тәуелсіздігін қамтамасыз ететін саяси шыңдалған, шыншыл әрі батыл, қайсар да қайратты және жауапкершілігі жоғары болашақ жауынгерлерді даярлау ісімен мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын әскери-патриоттық клубтар айналысады.  Үйірмеде қазақстандық патриотизм, елжандылық, отансүйгіштік принциптерін жасөспірімдердің бойына сіңіруге, олардың интеллектуалды дамуына, заңды сыйлайтын азамат ретінде қалыптасуына жағдайлар жасалған.
              «А.Шуканов» атындағы жас шекарашылар әскери-патриоттық үйірмесінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасына шын берілген патриоттарды тәрбиелеу, спортпен шыңдалған, шымыр, қайратты, Қазақстан Қарулы Күштері сапына дені сау жастарды даярлау болып табылады. Бұл үйірме мүшелерінің бірі болғанымды мақтан тұтамын. Отанға қызмет ету, Отанның тыныштығын күзету – ұл немесе қыз деп бөлінбейді» дейді сайысқа қатысушы Жасмин Өмірзақ.
              Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру арқылы туған жеріне, еліне, тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы мен заңы сайлаған президентіне адал қызмет ететін болашақ отан қорғаушы жауынгерлерді дайындауды қолға алып отырған Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты жалпы орта мектептерде 8 – 11 сынып оқушыларынан 1500 жас шекарашы тіркелген.
              Сайыс соңында әрбір шарт бойынша үздік шыққан жекелеген ұлдар мен қыздар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен марапатталды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БҮЙРЕК

        ...

АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ СӘТЖАН БАУЫРЫМА!

Бауырым, құтты болсын туған ...

Ұлттық ойындар күні кеңінен насихатталатын болады

        ...

ҚАЗАҚСТАН ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ ФИЗУЛИ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫН САЛДЫ

        ...

ТАДЖИКИСТАНУ ОТПРАВЛЕНО ГУМАНИТАРНЫЙ ПОМОЩЬ В ВИДЕ 15 ТЫСЯЧИ ТОНН МАЗУТА

        ...

ТӘЖІКСТАНҒА 15 МЫҢ ТОННА МАЗУТ ТҮРІНДЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

        ...

ТАСТҮЛЕКТЕР – ТАМШЫ ЖЫРЫ

        ...

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

        ...

БЕКЕРГЕ КЕТКЕН САҒАТ, БОСҚА ӨТКІЗГЕН МИНУТ – ҰЛТ ІСІНЕ ЗОР ШЫҒЫН

        ...

ИСЛАМ ЖАУЫЗДЫҚТЫ ҚОЛДАМАЙДЫ

       Ақиқатында ...