Home » 2023 » Мамыр

Monthly Archives: Мамыр 2023

ОТБАСЫ – ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БЕСІК

         Ұлы ғұлама М.Әуезов: «Азамат қалыптастырамын десең, бесігінді түзе»,-деп бекер айтпаған. Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам оның ата-анасы. Ал ең әдемі де жарық үй – оның туған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата-ананың орны ерекше. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау критерийлері ...

Read More »

ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ

          Отанның отбасынан басталатынын ескерген дана халқымыз отбасы тәрбиесіне көп көңіл бөліп, ұлы өссе – ұяттымен, қызы өссе – қылықтымен көрші болған. Әсіресе, қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу екенін ұғынып, оны «қырық үйден» тыя білген. Содан келіп, қазақ қызы ибалы, инабатты, иманды болған.          Бала тәрбиесіне әке де, ана да бірдей жауапты. Бұл ...

Read More »

МӘЗҺАБ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІ

           Тарихтан баян болғандай пікір алуандылығына байланысты ислам әлемінде көптеген мәзһабтар пайда болған. Алайда күллі мұсылмандарға белгілі ислам құқығында 4 мәзһаб, сенімде 2 бағыт бар. Ислам құқығында – Ханафи, Мәлики, Ханбали, Шафиғи. Ал сенімде – Матуруди және Ашғари мәзһабы. Әлемнің көптеген мұсылман елдері, Балқан түбегі, Түркия, Ауғаныстан, Пәкістан, Орта Азия даласы және көптеген түркі халықтары – ...

Read More »

Мевлана музейі

        Конья қаласына келгендер міндетті түрде бас сұғып, зиярат жасайтын орын – Мевлана музейі.         Бұл музей парсы ақыны Румидің құрметіне жасалған. Мевлана – біздің мырза дегенді білдіреді. Султан Ала ад-дин Кей-Кубад I арнайы шақырып алдырған Румиді халық Мевлана атаған. 1273 жылы ақын осы музей тұрған орынға жерленген. Румидің шәкірті кейіннен ұстазының басына маазолей ...

Read More »

Мешіттер мекені

            Афионды апиынымен қоса артта қалдырып, Бейшеһерге жеттік.             Бейшеһер – Коньяға жақын орналасқан қала. 70 мың тұрғыны бар. Мұндағы көне мешіт Эшфорфоглудың тарихы ХІІІ ғасырдан тамыр тартады. Ерекшелігі көп. 48 бөрене көтеріп тұрған мешіт балқарағайдан өрілген. Ағаш түзу болып, өз қасиетін ұзақ сақтауы үшін алты ай суда ұсталып, содан ...

Read More »

Афион-Қаракесир – туристерге таптырмас қала

           Афион-Қаракесир туризмге сұранып тұрған, келген адам өкінбейтін қала екен. Себебі мұнда туризмнің түр-түрі дамыған. Оған табиғи байлығы, орналасқан жері толық сай келіп тұр.             Афион – апиын деген сөзден шыққан. Әлі күнге дейін аймақта апиын өсіріледі. Яғни, Афион апиынды дәрі, дәмдеуіш үшін өсіруге Түркияда рұқсат берілген үш қаланың бірі. Афионға ...

Read More »

АФИОН – МУЗЕЙГЕ БАЙ

        Афион-Қаракесир қаласында бір-бірінен ерекшеленетін музей көп. Соның ішінде Аихеологиялық музейдің орны бөлек.         Музейге кіргеннен қаланың мрамор орталығы екені анық аңғарылады. Мрамормен көмкерілген тарихи экспонаттар бірден өзіне тартады. Мұндағы жәдігерлер сонау қола, мыс дәуірінен тамыр тартады. Тіпті 15 милл жыл бұрын тірлік еткен мамонттың да қаңқасын табасыз. Сондай-ақ ежелгі халықтың тұрмысы мен тіршілігінің ...

Read More »

АҚШ ЕЛШІСІ АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

          Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Атырау облысына жұмыс сапары аясында Абай атындағы оқушылар сарайына келіп, ондағы JasSpace STEAM орталығының жұмысымен танысты.          Оқушылармен кездесіп, балалар жасаған STEAM жобалармен, роботтар прототиптерімен танысқан елші Дэниел Розенблюм JasSpace – уақытпен санаспай атқарған үлкен еңбектің жемісі екенін атап өтті. Және STEAM орталықта атқарылып жатқан ...

Read More »

ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗА

          Қылмысты болған азаматтарды түзеу жұмыстары – сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде көрсетілген мерзімде оның ай сайынғы табысының бір бөлегін мемлекет пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл жаза жазаның тек негізгі түрі ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.          Жазаның орындау тәртібі ...

Read More »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

          Ағымдағы жылдың 15-25 мамыры  аралығында, республикамыздың аумағында «Подучетник» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған сәйкес, белгіленген кестеге  сәйкес біздің ауданымызда да тиісті жұмыстар жүргізілуде.            Осы республикалық жедел-профилактикалық іс-шараның аясында – аудандық пробациялық қызметі бөлімінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып,  алдын-ала түзілген кестеге сәйкес пробациялық есепте тұрған азаматтардың үй-жайлары мен олардың жұмыс орындарын тексеру жүргізеді. Себебі, ...

Read More »