Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

          Ағымдағы жылдың 15-25 мамыры  аралығында, республикамыздың аумағында «Подучетник» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған сәйкес, белгіленген кестеге  сәйкес біздің ауданымызда да тиісті жұмыстар жүргізілуде.
           Осы республикалық жедел-профилактикалық іс-шараның аясында – аудандық пробациялық қызметі бөлімінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып,  алдын-ала түзілген кестеге сәйкес пробациялық есепте тұрған азаматтардың үй-жайлары мен олардың жұмыс орындарын тексеру жүргізеді. Себебі, осындай тізімде тұрған азаматтардың кейбірі түрлі себеппен өздерінің тұрғылықты мекен-жайлары мен жұмыс орындары туралы жалған ақпарат беруі мүмкін. Ал, егер тексеру барысында ондай жалғандық дерегі анықталып жатса, онда ол азаматтарға  мұндай әрекеттің дұрыс еместігі туралы тиісті ескертулер жасалады не болмаса олар өз әрекеттері үшін ҚР Заңдарының талаптарына сай  жауап береді.
           Осндай жедел-профилактикалық барысында біз пробациялық есепте тұрғандардың әлеуметтік жағдайына да ерекше мән береміз. Егер де ол азамат жұмысқа орналасудан не болмаса әлеуметтік тұрғыдан қиыншылыққа тап болса, оған тиісті мекемелерді және демеушілік танытушы жомарт жандарды жұмылдыра отырып, қолдан келгенше жан-жақты көмектесуге тырысамыз.
           Басты  назарда ұстайтын нәрсе – белгіленген тәртіппен өткізіліп тұратын осындай жедел-профлактикалық іс-шаралар кезінде біз өз бақылауымыздағы азаматтарға өзіміздің тек бақылаушы орган ғана емес, сондай-ақ, олардың еліміздің басқа да азаматтары секілді түрлі әлеуметік көмектер алуға құқылы екендіктерін де түсіндіреміз.
Д.НАЗАРОВ,
Жетісай аудандық ПҚБ бастығы, әділет майоры.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...