Home » 2022 » Тамыз

Monthly Archives: Тамыз 2022

ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

         Қайырымдылық пен қамқорлық, жанашырлық пен мейірімділік – адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал, оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу – адамның азаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж жандарға қолұшын беру жомарттықтың ...

Read More »

БАЗАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІЛЕРГЕ АРНАЙЫ АС БЕРІП, АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

    Ж.ЕРАЛИЕВ ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен округ тұрғындары мен Жетісай аудандық Ішкі саясат бөліміне қарасты  “Жетісай жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мекемесінің қызметкерлері және «Жастар рухы» жастар қанатының аудандағы мүшелері мен белсенді жастар үлкен сауапты істі жүзеге асырды.           Олар бүгін Жетісайдың өртке оранған «Күлпаршын» базарын қалпына келтіру мен тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан 200-ге жуық жұмысшыларға түскі ас-суларын таратып, олардың ...

Read More »

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

            Елімізде дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясына қызу үн қосқан Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Бостандық аудандық пробация қызметі жуырда пробация есебінде тұрған жалғызбасты аналар мен қолайсыз отбасыларының балаларына көмек көрсетті.           Пробация қызметкерлері олардың үйлеріне барып, мектеп жасындағы балаларға өздерінің сыйлықтарын табыс етті.           Балаларға мектепке қажетті ...

Read More »

ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ЗАҢЫ БЕКІТІЛГЕН КҮН!

         Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймыз! Осыдан жиырма жеті жыл бұрын, 1995 жылы тамыздың 30-ында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді. Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық ...

Read More »

Ө.ШӨКЕЕВ: «КҮЛПАРШЫН» БАЗАРЫНЫҢ ИЕСІ ТАУАРЫ ӨРТЕНГЕН КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ КЕРЕК»

          Жетісайға келген Өмірзақ Шөкеев базардағы өрттің салдарын жою бойынша штаб отырысын өткізді. Комиссия төрағасы С.Қалқаманов, жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдары өкілдері, «Күлпаршын» базарының иелерінің қатысуымен өткен жиналыста Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек облыс әкіміне аудандағы жағдайды баяндады.         «Бүгінгі күнгі болжамды есеп бойынша 613 азамат, 1119 сауда нүкте өрттен жапа шеккен. Келтірілген ...

Read More »

АЗАМАТТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ ОСЫНДАЙДА БІЛІНЕДІ

Ел басына күн туған қиын-қыстау сәттерде бір шаңырақтың астына бірігіп, елдің елдігін көрсеткен қазақ батырларының ықылым замандағы ерлігін Жетісай ауданының жастары қайталап отыр. Нұрлыбек Мутаев бастаған аудан жастары мен қайырлы істерден қалыс қалмайтын «Мұрагер» мейрамханасының басшысы Әсия Балғабаеваның ұйымдастыруымен Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» орталық базарында тосыннан болған өртті толығымен ауыздықтауда тынымсыз жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер мен оқиға орнындағы, ...

Read More »

АСҚАҚТАЙ БЕР, АТА ЗАҢ!

Мақтаарал ауданының орталығында «Асқақтай бер, Ата Заң!» атты мерекелік іс шара болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова көпшілікті Конституциямыздың 27 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сөзінің арасында аудан әкімі Б.Асановтың көршілес Жетісай ауданындағы орталық базарда орын алған өртке орай сол жақта жүргендіктен бұл шараға қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады. Содан кейін бір топ мемлекеттік қызметкер мерекеге орай марапатталды. Көпшілікті Елбасының сыныптасы ...

Read More »

КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯН ӨТЕЛЕТІН БОЛАДЫ

        Жетісайда базардағы өрт салдарын жою бойынша Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың төрағалығымен құрылған арнайы комиссия жұмысын бастады.          Оқиға орын алысымен ауданға жеткен Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары Нұралы Абишев, Тимур Қырықбаев пен Талғат Қаржауов өрттен жапа шеккен кәсіпкерлермен кездесіп, өртенген базар аумағын аралады. Базар басшыларымен сөйлесіп, айтып ...

Read More »

ШЕКАРАДА ОҚ АТЫЛДЫ

         Шекара шебінде шекарашыларға қарата оқ атылды. Оқиға 25 тамыз күні кешкі уақытта ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Рабат» шекара бөлімшесінің сол қанатындағы учаскесінде орын алды.        Сол күні «Рабат» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары аға лейтенант Әлішер Өтеп басқарған «Барлау-іздеу» атты шекара наряды   мемлекеттік шекараға 1,5 шақырым ...

Read More »

ЖАС ҚАРИЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Иманды, ибалы ұрпақ тәрбиелеу аға буынның басты борышы. Тәлім-тәрбие жүйесінің алға қойған нақтылы мақсаты болмаса жас ұрпақтың санасы сергелдеңге ұшырап, сандалып қалары анық. Ұлттық болмыс – жас ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбие негізінде қалыптасады.Осы мақсатта Жетісай аудандық орталық «Нұғман» мешітінде ауданға қарасты мешіттердің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ Республикалық байқауына Түркістан облысы бойынша іріктеу сайысы болып өтті. Сайысты ...

Read More »