Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

         Қайырымдылық пен қамқорлық, жанашырлық пен мейірімділік – адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал, оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу – адамның азаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж жандарға қолұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық.
        Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылып өткізілетін «Мектепке жол» республикалық акциясында «Самұрық-Қазына» қорының демеушілігімен Жетісай ауданындағы мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға сөмкелер мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.
         Шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептердің әлеуметтік педагогтары бірігіп өткізді.
        Аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы мектеп оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер салдарынан балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған акцияға аудандағы қала, кент, ауылдық округтерден 630 бүлдіршін қамтылды.
       Бұған дейін де әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, жалғысілікті қарттар мен түрлі санаттардағы ардагерлерге қайырымдылық көмек көрсетуді күн тәртібінен түсірмеген ауданның жастары «Бүкіл кемелдіктің өзегі – ізгілік» деп ұғады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...