Home » Қоғам » Білім саласы » ЖАС ҚАРИЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ЖАС ҚАРИЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Иманды, ибалы ұрпақ тәрбиелеу аға буынның басты борышы. Тәлім-тәрбие жүйесінің алға қойған нақтылы мақсаты болмаса жас ұрпақтың санасы сергелдеңге ұшырап, сандалып қалары анық. Ұлттық болмыс – жас ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбие негізінде қалыптасады.
Осы мақсатта Жетісай аудандық орталық «Нұғман» мешітінде ауданға қарасты мешіттердің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ Республикалық байқауына Түркістан облысы бойынша іріктеу сайысы болып өтті. Сайысты Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов ашып, Құран Кәрімді жаттау әрі амал жасаудың сауабы жөнінде айтып өтті.

Өскелең ұрпақ арасында Құран Кәрімді оқу және жаттау деңгейін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, мұсылман жамағатының құрани сауатын көтеру арқылы қоғамның руханиятын арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс 2 бөлімнен тұрды.

Алғашқы бөлімінде Құранды мәнерлеп оқу, 10 пара, 20 пара және толық Құранды жатқа оқу бойынша 100-ге жуық шәкірттер сайысқа түссе, екінші бөлімде іріктеуден өткен қатысушылар арасында жүлделі орындарға бақтарын сынады.

«Ғылым мен техниканың дамыған шағында әрбір ата-ананы ойландыратын мәселе – ұрпақ тәрбиесі. Соңғы кездері дінге бет бұрушы бұқараның қатары артты. Әсіресе, Алланы ауызынан тастамайтын иман жүзді жастарымыз мешіттерге келуін жиілетті. Көңіл қуантады. Дегенмен, өз жолынан жаңылысып, жөнін таппай жүргендер де жетерлік. Жалпақ жұртты исламнан жерітіп, жамандыққа жақындата түсетін жын-жыбыр ағымдар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті.
Заңды тұрғыда тіркелгенімен тірліктерін террорлықпен түйіндейтін миссионерлік ұйымдардың қанатын кеңге жаюының, ақиқат жолын жалындатамыз деп жалындаған жастарымызды жарты жолдан қағытып жүрген секталардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қатысушылардың да саны күн санап артып келеді» дейді Жетісай ауданының бас имамы Жорабай Дулатбаев.

Құранның 20 парасын және Құранды толық жатқа оқу сайысы бойынша Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың төрағалығымен Абдухафиз қари Хадыршаев пен Нұрболат қари Қазыбеков, Құранның 10 парасы мен мәнерлеп оқу сайысы бойынша Шайхисмайлов Шавкат қаридың төрағалығымен Абдунайм қари мен Ербол Шырынхан әділқазылық жасады.

Сайыс нәтижесінде әр номинация жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталып, Республикалық Құран жарысына жолдама алды.

Бүгінгі әлемдегі идеологиялық күрес, саяси тактикалар дәуірінде өскелең ұрпақты «мылтықсыз майданнан» аман сақтап қалу үшін жастарымыздың санасын улап, айрандай ұйып отырған халықтың арасына іріткі салатын «дінбұзарлардың» алдын алуда үлкен маңызға ие шараның ұйымдастырылуына жоғары бағасын берген облыстың бас имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов Жетісай ауданының бас имамы Жорабай Дулатбаев пен барша қызметкерлерге өз алғысын білдірді.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЗДЕСУДЕ БІРШАМА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

        ...

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

        ...

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

        ...

ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

        ...

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...