Home » 2021 » Желтоқсан

Monthly Archives: Желтоқсан 2021

БАЙЛЫҚ, БАЙЛЫҚ ЕМЕС – БІРЛІК БАЙЛЫҚ

Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегенде, ата-бабамыз ынтымақ керектігін айтқан болар деп ойлаймын. Ұлт пен ұлыстың татулығының арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келе жатыр. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына ...

Read More »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі – жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Елімізде жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі ...

Read More »

ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ ШЫНАЙЫ МЕКЕНІ

Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр этнос өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана ...

Read More »

ОТБАСЫ – БҰЗЫЛМАС ҚАМАЛ

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы ...

Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

Биыл бабаларымыз мирас еткен, білектің күші, найзаның ұшымен біріктіріп ел еткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренада өз орнын ойып алған Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Тәуелсіздігіміздің жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Елбасының жүргізген парасатты, көреген саясатының нәтижесі. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан ...

Read More »

БІРЛІГІМІЗ МӘҢГІ ЖАСАСЫН

Қазақстан – құшағы кең байтақ өлке. 130-дан астам этнос өкiлi бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiме айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Ұлтаралық қатынастың, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен ...

Read More »

ТІЛ – ЕЛІМІЗДІҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ...

Read More »

КӨКПАР – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫНА СІҢГЕН ӨНЕР

Қалың нөпірді қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан көкпаршысын көргенде жүрегі жарылардай қуанбайтын қазақ бар ма? Көкпарды жігіттің жігіті ғана тартады. Ұландарын қаршадайынан төзімділікке, ептілікке, батылдыққа, батырлыққа баулитын өнер түрі де осы көкпар ойыны. Бүгінде ұлттық ат спортын дамыту, елдімекендерде бұқаралық спортты қолға ала отырып, жастардың ұлттық ойынымызға деген қызығушылықтарын арттыру, көкпар ойынының бекітілген ережелері мен дүбірлі ат ...

Read More »

АУДАНДА ТАҒЫ БІР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

  Елдегі жетімінің маңдайынан сипап, жесірінің қолтығынан демеп қамқорлық көрсету, қайырымдылық жасау – қазақтың қанына сіңген қасиет. Бұл асыл құндылық сонау ықылым заманнан бері халқымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жасап келеді.Жүзіне немесе шыққан тегіне, руына қарамай жарлыларға жақсылық жасауға жаны құмартып тұратын Жетісай ауданының жомарт жандары сондай тағы бір игілікті істі қолға алды. Жетісай ауданына қарасты Ж.Ералиев ауылдық округі әкімдігінің ғимаратынан елжанды ...

Read More »

ЕЛ БІРЛІГІ -БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Ата-бабамыз ғасырлар бойы тәуелсіздікті, азаттықты, бақытты ел болуды аңсады. Жаугершілік заманды басынан өткізіп, бейбітшілік заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін көрсетіп, бауырына өзге ұлттың баласын салып, бір үзім нанын бөліп беріп, дастарханын жайған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап ...

Read More »