Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БІРЛІГІМІЗ МӘҢГІ ЖАСАСЫН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » БІРЛІГІМІЗ МӘҢГІ ЖАСАСЫН

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

БІРЛІГІМІЗ МӘҢГІ ЖАСАСЫН

Қазақстан — құшағы кең байтақ өлке. 130-дан астам этнос өкiлi бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiме айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Ұлтаралық қатынастың, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асырды және ары қарай да қолға алатын болады.
Бүгінде байтақ еліміздің әрбiр облысында түрлі этностардың мәдени орталықтары ашылған. Біздің өңірде тәжік, өзбек, әзірбайжан этномәдени орталықтары жұмыс жасайды. Этно мәдени орталықтардың өкілдері өңірімізде бейбітшілік пен достық, ұлтаралық келісім болуы үшін ары қарай да белсене жұмыс жасай береді. Осы орайда айта кетейiн, бiздер, Қазақстанда мекендеген этнос өкiлдерi қазақтың тiлiн мiндеттi түрде бiлуiмiз керек. Қиын-қыстау шақтарда басымызға пана болған, халқымызға сая болған қазақ халқының тiлiн бiлу, оған деген шексiз құрметiмiздiң бiр белгiсi болса керек. «Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» деген атам қазақ. Демек, жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір ұлттар арасындағы татулықтың арқасында Мақтаарал өңірінде әлі де талай тындырымды шаралардың шымылдығы түріліп, тұсауы кесілері сөзсіз. Сөзімнің соңында достық пен ынтымақты ту етіп, бірлік пен татулықты жыр еткен барша Қазақстан халықтарының мызғымас достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін дегім келеді.

А.Наврузов,
Мақтаарал ауданы тәжік этносының өкілі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...