Home » 2021 » Қараша

Monthly Archives: Қараша 2021

ЕРЕКШЕ КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен Мырзакент кентінде ауданымыздағы Елбасының сыныптасы, ардагер ұстаз Рауза Мәтеқызы Төлемісовамен кездесу болып өтті. Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ташева, аудандық Әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ш.Бабаев, аудандық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Л.Тағаева, «Тұрсын-Заде» жалпы орта ...

Read More »

МАҚТААРАЛДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

Мақтаарал ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты кеш өтті. Іс-шарада аудан әкімі Бақыт Асанов барша мақтааралдықтарды айтулы мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып жүрген азаматтарды марапаттады. «Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті халқымыздың татулығы мен бірлігінің, Отанымыздың өркендеп алға басуының басты шарты бола білді. Егеменді ел болған Қазақстан ширек ғасыр уақыт аралығында ұлттық бірліктің үлгілі модельіне айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында ...

Read More »

ЕЛБАСЫ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

Ертеңін ойлаған ел үшін бүгінгі жеткен жетістіктерімізге аз күш жұмсалған жоқ. Ол үшін бейбітшілік қажет. Ал, бүгінгі елдегі тыныштық пен ұлтаралық татулық әрбір отбасының шаңырағының шайқалмауының, түтінінің түзу шығуының басты өлшемі. Тарихы қалың, тағдыры терең еліміздің бүгінгі бағындырған белестері Елбасының салиқалы саясатының жемісі. Осылай деп ой қорытындылаған жетісайлықтар «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Шарада ...

Read More »

МАҚТААРАЛДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 4 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мақтаарал ауданында 4 мектеп пайдалануға берілді. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаевтар аталған мектептердің ашылу рәсіміне қатысып, лентасын қиды. «Ел игілігіне беріліп жатқан Иіржар ауылдық округі Мақтажан ауылында орналасқан 200 орындық «Мақтажан» жалпы орта мектебі, Жаңажол ауылдық округі Арайлы ауылында орналасқан С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебі, Ж.Нұрлыбаев ауылдық ...

Read More »

ТАС МҮСІНДІ ТАМАШАЛАУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

Биылғы жылы Шардара су қоймасында су мөлшерінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты пайда болған мүйісте бірқатар тарихи артефактлер табылған болатын. Мұндай тарихи құндылықтар негізінен су тартылар күз айларында ішінара көрініп жатады. 1958-1963 жылдары Шардара су электр стансасы мен су қоймасы құрылыстарының қарқынды кезеңдерінде Мәскеу мен Алматы қалаларынан келген ғалым-археологтар тобы аудан аумағындағы бірқатар тарихи нысандарды анықтап, алғашқы кезектегі археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. ...

Read More »

«ҰЗЫН АТА» КЕСЕНЕСІНІҢ ЖАНЫНАН МУЗЕЙ МЕН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ

Түркістан облысының тарихи-мәдени, табиғаты ерекше жерлерін, тарихи тұлғаларын жұртшылыққа кеңінен таныстыру арқылы аудандағы туризм саласын дамыту мақсатында Шардара ауданында орналасқан «Ұзын Ата» мавзолейінің жанынан тарихи-танымдық музейі мен ескерткіш тақтайшасы ашылды. Музейдің ашылу салтанатына Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен «Ақ жол» парииясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Әбжанов, тарихшылар мен өлкетанушылар, ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты. Алдымен ...

Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ТҰСПА-ТҰС КЕЛГЕН МЕРЕЙТОЙ

Шардара ауданына қарасты 10 мыңға жуық тұрғыны бар Алатау батыр ауылдық округінің негізі 1971 жылы Целиный және Қазақстан күріш совхоздарының құрылуы арқылы қаланған. Кеңестік кезеңде күріш егуден Одаққа танылып, ВДНХ-ның бірнеше жүлделерін жеңіп алған. Бүгінде аудандағы округтер арасында да жан-жақты көш бастап тұрған аталмыш округ Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген өзінің жарты ғасырлық мерей тойын жоғары деңгейде атап өтті. Салтанатты мерей той ...

Read More »

АДАЛ КӘСІП – АРДЫҢ ІСІ

Былтырғы жылы Шардара аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында 4 отырыс өтіп, өтінім берген 180 азаматтың 130-ның құжаты мақұлданып, мемлекеттік грант берілген. Ал, биылғы жылы 91 адамнан келіп түскен өтінімдердің 70-і мақұлданып, қаржы алған азаматтар өз кәсіптерін ашып жұмыстарын жасап жатыр.  Сала мамандарының мәліметінше былтырғы жылы мемлекеттік қайтарымсыз қаржы алғандардың басым бөлігін мал шаруашылығымен айналысатындар құраса, биылғы грант иелері нан өнімдерін ...

Read More »

АҚЫНДАР ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАДЫ

Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында «Мен Тәуелсіздікті жырлаймын» атты аудандық жазба ақындардың мүшайрасы болып өтті. Аталмыш шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев аудан әкімінің мерекелік құттықтау хатымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қыл қаламды жанына серік етіп, жалынды жырларымен жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп келе жатқан азаматтарға алғыс хаттар табыстады.Өнер ...

Read More »

ҚАЛТАЛЫ АЗАМАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған, кеудесінен итермеген текті халық екені тарих қойнауына енген сан ғасырлардан бері белгілі. Тәуелсіз елдің бүгінгі азаматтарының ішінде қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқандары да баршылық. Мемлекетке алақан жайып отыруды жөн санамаған ел ағалары түрлі қоғамдық қайырымдылық қорларын ашып, көптің көмегімен шын мұқтаж жандарға қолұшын созып келеді. Сондай қайырымдылық қорларының бірі «Шағалалы Шардара» ...

Read More »