Home » Қоғам » Білім саласы » ТАС МҮСІНДІ ТАМАШАЛАУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ТАС МҮСІНДІ ТАМАШАЛАУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

Биылғы жылы Шардара су қоймасында су мөлшерінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты пайда болған мүйісте бірқатар тарихи артефактлер табылған болатын. Мұндай тарихи құндылықтар негізінен су тартылар күз айларында ішінара көрініп жатады.

1958-1963 жылдары Шардара су электр стансасы мен су қоймасы құрылыстарының қарқынды кезеңдерінде Мәскеу мен Алматы қалаларынан келген ғалым-археологтар тобы аудан аумағындағы бірқатар тарихи нысандарды анықтап, алғашқы кезектегі археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Ғалым-археологтардың анықтауы мен ғылыми негіздегі қортындылары бойынша Шардара жерінен бірнеше қалашықтар мен тұрақтар, қорымдар кездесіп, Қарханид дәуіріне қатысты құнды жәдігерлер табылған. Нәтижесінде, аудандағы көне нысандар туралы алғашқы мәліметтер 1994 жылы Алматы қаласында «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында жарық көрген «Қазақстандағы тарих және мәдениет ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан» атты жинаққа енгізілген. Бұл еңбек бойынша Шардарадан оңтүстікке қарай 15-шақырым қашықтықта, Сырдария өзенінің ескі арнасының оң жағында орын тепкен «Ақтөбе-2» тұрағы туралы алғашқы деректер айтылған.

Міне дәл осы тұрақта тамыз айында Шардара ауданы әкімдігінің бастамасымен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев жетекшілік жасап, экспедициялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Қазба жұмыстарына аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Смайлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері қатысқан.

Тарихын толықтырған табысты қазба жұмыстарының нәтижесінде «Ақтөбе 2» тұрағынан сынық күйіндегі екінші балбал тас табылды. Түркілердің мәдениеті анық көрінетін балбал таста қолына сұйықтық құятын ыдыс ұстаған адамның саусақтары тасқа анық қашалып, белгіленген.

«Қазіргі Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы тарихи музейлерде 8 дана балбал тас болған. Шардарада табылған қос мүсінмен 10-ға жетіп отыр. Бұл тас мүсіндер VII-VIII ғасырларға тиесілі жәдігерлер. Өкінішке орай бүтін күйінде табылмады. Бас бөлігі мен белден төмен бөлігі сынып түскен. Біз қанша іздестіріп көргенмен де ол сынық күйіндегі жәдігерлерді таппадық. Бірақ, негізгі бөлшегі табылды» дейді Шардара ауданының тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Смайлов.

Аумағы шағын ғана болса да хронологиялық деректері сонау ІII-ІV ғасырлардан бастау алып, қазіргі Тәуелсіз Қазақстанмен түйінделетін 4 мыңнан астам тарихи жәдігерлер жинақталған музейде.

Күллі қазақ топырағының, түркі әлемінің теңдессіз құндылықтары деуге болған тас мүсінді тамашалауға келушілердің саны артқан бүгінде. Мектеп оқушыларынан бастап жергілікті тұрғындар, аудан зиялылары тарихтың тереңінен сыр шертетін таңбалы тасты көруге жиі келеді екен.

«Мұражайдағы жәдігерлердің тарихты білуде, болашақ жастарды тәрбиелеуде маңызы ерекше. Еліміздің алға қойып отырған, тұңғыш Президентіміздің «2050» стратегиялық бағдарламасындағы 30 елдің қатарына теңесу үшін біздің балаларымыз, жастарымыз білімді болуы керек. «Өткеніңді білмей – болашағыңды болжай алмайсың» дейді. Бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы, мұражайдың жұмысы жақсы жолға қойылған» дейді мұражайға жиі келушілердің бірі, аудандық «Қоғамдық келісім кеңесі» ұйымының төрағасы Қыстау Ілесов.

Аудан басшысының қолдауымен жүргізілген қазба жұмыстары кезінде тұрақтан тұрмыстық заттар, қыш құмыралар, кірпіштер мен кәріз жүйелері, адам сүйектері де табылған.

Айта кетейік, бүгінде Шардара ауданында толық зерттеуді талап ететін II-XIV ғасыр аралығына жататын 12 тарихи нысандар, тұрақтар мен төбелер бар.

«Музей қорына тарихи жәдігерлерді жинақтауды мұнымен тоқтатпаймыз, алдағы уақыттарда да жалғасын табатын болады» дейді жергілікті атқамінерлер.

Бауыржан НАЙМАНОВ
Шардара ауданы

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...