Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Кәсіпкерлік Archives - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік

МАҚТАҒА – ЖАҢА МӘН, ӨНДІРІСКЕ – ЖАҢА СЕРПІН

      Мақтааралда құны 1 млрд. теңге болатын мақта майын өңдеу зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.       Мақта – Мақтааралдың маңдайына біткен ырысы ғана емес, аудан экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Ендігі міндет – ақ алтынды тек шикізат күйінде өткізбей, оны терең өңдеп, одан жоғары қосылған құны бар өнім өндіру. Осы бағытта ауданда жаңа өндіріс орны бой көтеруде. ...

Read More »

ЖОЛ ЖАҢАРСА – ЖОЛЫМЫЗ АШЫЛАДЫ

       М-39 халықаралық көлік дәлізінің Мақтаарал аумағындағы 24,1 шақырымдық учаскесі толық жаңартылып, пайдалануға берілді.        Мақтаарал ауданында өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыратын маңызды жоба жүзеге асты. М-39 «Ташкент – Термез» халықаралық көлік дәлізінің аудан аумағындағы ұзындығы 24,1 шақырымды құрайтын учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жаңарған жол пайдалануға берілді. І санаттағы автожолдың қолданысқа берілуіне арналған іс-шараға аудан ...

Read More »

КӘСІПКЕРЛІККЕ СЕРПІН – ӨҢІР ДАМУЫНА СЕРПІН

      Мақтаарал ауданында аудан әкімі Бақыт Асановтың өңірдегі белсенді кәсіпкерлермен және шаруалармен ашық форматтағы кездесуі өтті. Еркін пікір алмасу алаңында кәсіпкерлікті өркендету, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және бизнеске кедергі келтіріп отырған мәселелерді бірлесе шешу жолдары кеңінен сөз болды.       Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап қана қоймай, олар көтерген мәселелердің нақты ...

Read More »

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛ НЫҒАЯ ТҮСТІ

        Мақтаарал ауданында инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл жобалар экономиканың дамуына серпін беріп, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға оң ықпал етуде.        2025 жылы ауданға тартылатын инвестиция көлемі 51 млрд. теңге деп жоспарланған еді. Алайда, жыл қорытындысымен бұл жоспар 110%-ға орындалып, аудан экономикасына жалпы 56,4 млрд. теңге инвестиция ...

Read More »

МАҚТААРАЛДАҒЫ ШЕКАРА ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТТЫ

         Мақтаарал ауданы үшін маңызды жаңалықтың бірі – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу бекеттерінің халықаралық мәртебеге ие болуы және тәулік бойы жұмыс істеуге көшуі. Бұл шешім екі мемлекет арасындағы көлік-транзиттік қатынасты дамытуға ғана емес, шекаралас өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға да тың мүмкіндік береді.        Жуырда Қазақстан Республикасы Парламентінде «Қазақстан Үкіметі мен ...

Read More »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

             Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бағытында Түркістан облысы құрылғаннан бері инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауымен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлер мен инвесторларға қолайлы жағдай жасау және инвесторлардың мәселелерін жедел шешу бойынша кешенді ...

Read More »

ЖОМАРТ ДАЛАНЫҢ ЖАМПОЗДАРЫ

        Мақтаарал ауданының қай ауылына барсаңыз да берекесі тасыған елді мекендерге тап боласыз. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында табыс та, өсім де бар. Кешенді мемлекеттік бағдарламалар, техника паркін жаңартуға берілген субсидиялар, арзандатылған жанар-жағармай, тамшылатып суару технологиясы, саланы цифрландыруға деген талпыныстар шаруаларға серпін беріп отыр.        Жамбыл ауылдық округінің агроөнеркәсіптік кешені де соңғы жылдары серпінді өркендеп, дамудың ...

Read More »

ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫ ОДАҒЫ: ЕЛ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ КҮШ

       Қазақстандағы машина жасау саласы – ел экономикасының стратегиялық бағыттарының бірі. Бұл сала еліміздің өнеркәсіп әлеуетін арттырып, импортқа тәуелділікті азайтуға, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы ірі ұйымдардың бірі – Қазақстан машина жасаушылар одағы.       Бүгінгі таңда бұл одақ – еліміздің машина жасау саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым саналады. Оның басты міндеті – ...

Read More »

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ: ҚАРАҒАНДЫДА ӨТКЕН ТОПТАСТЫРЫЛҒАН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

      Ағымдағы жылдың 28 қарашасында,  Қарағанды қаласында «Ауыл» партиясының – Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңірлік филиалдары қатысқан топтастырылған семинар өтті. Іс-шара, салтанатты түрде ашылып, ауыл шаруашылығы саласындағы үздік мамандарды марапаттау рәсімімен жалғасты.         Семинардың модераторы, партияның Қарағанды облыстық филиалының өкілі Омарханов Никанбай Иманғалиевич қатысушыларға сәттілік тілеп, жиынды ашып берді. Партия Төрағасының ...

Read More »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

                   Өткен жұмада мерекелік шара аясында, облыс әкімі Берік Уәлидің қатысуымен  Абай облысында ауыл шаруашылығының еңбеккерлеріне сый-құрмет танытылды.        «Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» Абай облысында кеңінен аталып өткізілді. Семей қаласындағы   «Абай атындағы кітапханада» ұйымдастырылған «Алтын күз» салтанатты шарасында өңірдің аграрлық саласында еңбек етіп жүрген үздік мамандар ...

Read More »