«Қ.Дәрімбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылының 1-10 маусым аралығында мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Көңілді жаз – бақытты бала» атты мектеп жанындағы жазғы лагерь өз жұмысын жүргізді. Лагерьдің негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және ...
Read More »«АДАЛ АТА-АНА — ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»: БАЛА БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ТҰЖЫРЫМДАМА
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – әрбір баланың құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен амандығына қоғам назарын аудартатын маңызды мереке. Осы атаулы күн қарсаңында Түркістан облысы білім басқармасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жазғы демалысын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру мақсатында «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» өңірлік тұжырымдамасын бекітті. Бұл бастама – тек құжат немесе ...
Read More »ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ БІР САНАУ ЖҮЙЕСІНЕН ЕКІНШІ САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ ТИІМДІ АЙНАЛДЫРУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ
Компьютерде қолданылатын санау жүйелері Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытуды жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері көзделеді. ...
Read More »STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінің басты талабы – оқушыны жан-жақты дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, зерттеушілік қабілеті жоғары тұлға ретінде қалыптастыру. Осы мақсатта заманауи педагогикада STAEM әдісі (Science, Technology, Art, Engineering, Mathematics) кеңінен қолданылып келеді. Бұл әдіс бастауыш сынып оқушыларының білімін тек пәндік деңгейде ғана емес, өмірлік дағдылар тұрғысынан дамытуда аса тиімді. ...
Read More »САНДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ОҚУ АНАЛИТИКАСЫ: МЕКТЕП БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ
Қазіргі білім беру жүйесі қарқынды цифрландыру кезеңінен өтуде. Мектеп жұмысының тиімділігін арттыру, оқу сапасын бақылау, басқару шешімдерін дәл қабылдау үшін сандық мониторинг пен оқу аналитикасының маңызы айрықша артып отыр. Бұл бағыттар білім беру мекемелерінің дамуын жаңа деңгейге көтеріп, басқару мәдениетіне тың серпін беруде. Сандық мониторинг – мектеп қызметіне қатысты барлық мәліметті электронды ...
Read More »ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі заман білім беру үдерісінде ақпараттық технологиялардың орны ерекше. Әсіресе математика пәнін оқытуда цифрлық ресурстарды қолдану – оқушының танымдық белсенділігін арттырып, күрделі ұғымдарды меңгеруді жеңілдетудің тиімді жолы. Цифрлық білім беру ресурстары оқу материалының қолжетімділігін кеңейтіп қана қоймай, оқушылардың логикалық ойлауын, зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Математика – нақты ғылым. Оның мазмұнын оқушыларға түсінікті етіп жеткізу үшін көрнекіліктің, ...
Read More »БАСТЫ МАҚСАТ – ӨЗІНДІК КӨЗҚАРАСЫ БАР БЕЛСЕНДІ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Мектептегі тәрбие жұмысының басты мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, азаматтық жауапкершілігі жоғары, өзіндік көзқарасы бар белсенді тұлға тәрбиелеу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін тәрбие ісі жөніндегі орынбасар түрлі бағыттағы жұмыстарды үйлестіріп, педагогикалық ұжым мен оқушылар арасындағы байланысты нығайтады. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың жұмысы көпқырлы және жауапты. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: ...
Read More »СЕМЕЙДЕГІ ГИМНАЗИЯ ТӨРІНДЕ ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ «ҰЙҚАС ТАБУ» САЙЫСЫ ӨТТІ
Қараша айының соңғы аптасында Семей қаласындағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназияда» шығармашылыққа құштар дарынды оқушылар бас қосқан тағылымды шара өтті. «Ақ қауырсын» үйірмесінің жетекшісі, жас ақындарға бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаз Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы білім ордасының «Буккроссинг» залында «Ұйқас табу» атты поэзиялық сайыс ұйымдастырды. Жас талапкерлердің ой ...
Read More »ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ ЕҢБЕКТЕН БАСТАЛАДЫ
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты «Ғ.Мұратбаев атындағы №61 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіптік бағдар беру педагогының онкүндік жоспарына сәйкес “Жетістік жолы еңбектен басталады” тақырыбында мектеп түлектері мен оқушылар арасында мазмұнды әрі әсерлі сыр-сұхбат кездесуі ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды түрлі мамандық иелерімен жүздестіру, олардың өмір жолынан үлгі алуына мүмкіндік жасау және түлектердің ...
Read More »Әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді
Қарағандыдағы Н. В. Гоголь атындағы кітапханада Батырлар күніне арналған «Батырлар мұрасы және жас ұрпақ» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті. Батырлар күні жыл сайын 15 қарашада аталып өтеді — бұл күн Ұлы Отан соғысының батыры Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орайластырылған. Осы күнге орай жыл сайын әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар — кездесулер, дөңгелек үстелдер, атыс ...
Read More »
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
