Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Әлеумет Archives - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет

Әлеумет

АУЫЗ СУ – ЕЛДІҢ БАСТЫ ИГІЛІГІ

          Тіршілік нәрі – тіршіліктің өзегі. Сондықтан халықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – елді мекендердің әлеуметтік әлеуетін арттыратын маңызды бағыттардың бірі. Бұл ретте Мақтаарал ауданында ауыз су жүйелерін жаңғыртуға ерекше мән беріліп, бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.  Солардың бірі – Атакент кенті мен Өркениет елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру жобасы. Қазіргі ...

Read More »

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

           Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында Мақтаарал ауданында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталған бірқатар игі іс-шара ұйымдастырылуда. Соның бірі – А. Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Үлгілі елді мекеніндегі №392 сайлау учаскесінің алдында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі.          Таң сәріден жәрмеңке алаңына жиналған ауыл тұрғындары өздеріне қажетті азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. ...

Read More »

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

          Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 12 желтоқсандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.        Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар үшін тиімділік пен атаулылықты арттыру, сондай-ақ мониторинг құралдарын күшейту мақсатында Бағдарлама республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлінген.          Республикалық ...

Read More »

«КЕЛЕШЕК» – БАЛАНЫҢ БОЛАШАҒЫНА ЖАСАЛҒАН ЖИНАҚ

         Баланың болашағына бүгіннен бастап инвестиция жасау – әр ата-ананың маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта елімізде балалардың білім алуына қажетті қаражатты алдын ала жинақтауға мүмкіндік беретін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізілуде.         Жүйенің негізгі мақсаты – баланың жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім алуына қаржылық мүмкіндік қалыптастыру. Ата-ана баланың атына жүйелі түрде қаражат жинақтай отырып, ...

Read More »

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

         23 тамыз – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі. Бұл күні әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, елдің ертеңіне ықпал ететін таңдауға қатысады. Сайлау – жай ғана дауыс беру рәсімі емес. Ол – халықтың өз еркін білдіруі, азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі, мемлекет дамуына деген ортақ жауапкершіліктің белгісі.          «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» ...

Read More »

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

           Қазақстан Республикасында әрбір азаматтың сайлау құқығын қамтамасыз ету – сайлау процесінің негізгі қағидаттарының бірі. Егер сайлаушы дауыс беру күні өзінің тіркелген сайлау учаскесінде бола алмайтын болса, оның жеке өтініші негізінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат азаматқа заңнамада белгіленген тәртіппен басқа елді мекендегі сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік береді.     ...

Read More »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл сөздің астарында тұтас бір халықтың тағдыры, мемлекет тарихы, ұлттың рухани болмысы жатыр. Көпшілік архивті тек құжат сақталатын орын деп қабылдауы мүмкін. Ал мен үшін архив – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір, ұлттың жады мен болашақтың кепілі. Архив – өмірімді арнаған қасиетті мекен.      Мен үшін архив саласындағы әр күнім – туған жердің тарихына қызмет ...

Read More »

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Мақтаарал ауданында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.         Осы бағдарлама шеңберінде Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елді мекенінде салынған 100 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Соның алғашқы кезеңінде 52 тұрғын үй «Отбасы ...

Read More »

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

            Қазақстанда еңбек күші артық өңірлерден кадр тапшылығы бар аймақтарға ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жаңартылып, мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілді. Ең маңызды жаңалықтың бірі – экономикалық ұтқырлық сертификатының ең жоғары мөлшері 1 625 АЕК-ке дейін, яғни 7 миллион теңгеге ұлғайтылды. Бұл қаражат жаңа қоныстанған өңірден тұрғын үй сатып алуға беріледі.          Бағдарламаның ...

Read More »

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір азаматтың ел болашағына қосар өзіндік үлесі бар. Сол үлестің ең маңызды көріністерінің бірі – сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау. Бұл – әр азаматқа заңмен берілген құқық әрі қоғам алдындағы жауапкершілік.        Сайлау – халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық үдеріс. Елдің ертеңіне бейжай қарамайтын азамат өз таңдауын саналы түрде жасап, қоғамдық өмірге белсенді араласуы тиіс. ...

Read More »