Home » Business » «АУЫЛ АМАНАТЫ» АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУГЕ СЕП БОЛУДА

«АУЫЛ АМАНАТЫ» АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУГЕ СЕП БОЛУДА

           Бүгінгі таңда негізгі табысы агросекторға тікелей байланысты біздің ауданымызда үстіміздегі жылы егіс егілген 79,3 мың гектардың 45,6 мың гектары мақта, 19,6 мың гектары бақша, 2,9 мың гектары көкөніс болса 5 мың гектары дәндік жүгері мен басқа дақылдарды құрады. Жалпы ағымдағы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 15 пайызға артып, 27,7 млрд теңгеге, ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция 2,8 млрд теңгеге жеткен. 321 шаруақожалық иелері 1236 гектар жерден жылына екі өнім алу жобасын іске асырса, көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 12 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінген екен.
          Осы жоғарыда келтірілген оң көрсеткіштерге – ауыл халқының тұрмыстық жағдайын жақсартатын «Ауыл аманаты» жобасы арқылы қаржы алғандар мен 21 мен 35 жас аралығындағы жастарды несиелендіру бағыты бойынша 2,5 пайыздық несие алып өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар да өз үлестерін қосып отыр дей аламыз.
         Жыл басынан бері ауданымызда «Ауыл аманаты» жобасына 4 ауылдық округте тұратын 292 кәсіпкерден жоба ұсынылып, оның 159-ы нақты қаржыландырылыпты. Олардың бір бөлігі мал басын көбейтіп, бордақыласа, енді бірі жылыжай ісін жандандырып келеді. Тіпті, ауданда соның шапағатын көріп, атаулы әлеуметтік көмектен бас тартқан тұрғындар да бар болып шықты.
        Он жылдан бері жиһаз құрастыруды кәсіп етіп келген Қазыбек би ауылының тұрғыны Марат Бекетаев есімді шебер бірнеше жылдан бері өзге кәсіпкердің цехында жұмыс істеп келсе, «Ауыл аманаты»-ның арқасында енді өзінің жеке шеберханасын ашты. Осылайша «Ауыл аманаты» жобасына құжат тапсырған ол жеңілдетілген пайызбен жеті миллион теңге алып, қазір өзі сияқты үш ауылдасын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.  Шебер М.Бекетаев осы қаржыға станоктар сатып алғанын соның арқасында күрделі тапсырыстарды да орындауға қол жеткізгендерінен бүгінгі күні  табыстарының молайғанын мәлімдеді.  Алдағы уақытта егер бәрі де ойдағыдай болса, өндірісін үлкейту туралы ойы барын да айтты.
        Ал Ералиев ауылдық округінде тұратын шаруа Асрор Қамбаров болса «Ауыл аманаты» бағдарламасынан бөлінген бес миллион теңгеге екі бірдей жылыжай салып алып, сонда қияр егіп, қазіргі таңда базарларда саудалай бастаған. Соның арқасында ол толығымен өз отбасын тұрақты әрі пайдалы жұмыспен қамтып отыр.
        «Ауыл аманаты» бағдарламасына қол жеткізген шаруалардың сөзінше, аталған бағдарламамен қаражатқа қол жеткізу де аса қиындық туғызбайды екен және де оның проценттері де кез-келген екінші деңгейлі банктерге қарағанда әлдеқайда тиімді. Оның сонымен бірге тағы да бір қолайлы жері, оған жыл бойы ақша құймайсың, тек алты ай сайын кварталмен төлейсің. Сондай-ақ, қажетті құжаттардың басым көпшілігін халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болса, қалғандарын жергілікті әкімдіктегілер түгендеп береді екен.
            Айта кетерлігі,  биыл Түркістан облысына «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 20 млрд теңге бөлініп отыр. Тиімділігі мол аталған жобаға аудандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар да қатысып, қаржы алған. Мысалға, бүгінде сол бағдарламаның нәтижесін көрген 23 жанұя өз еріктерімен мемлекеттен берілетін көмектерден бас тартқан.
Ұлжан СӘБИТҚЫЗЫ, журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...