Home » PRESS RELEASE » News » ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН МИНИСТРЛІКТІҢ БАСШЫСЫ ЖЕТІСАЙҒА КЕЛДІ

ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН МИНИСТРЛІКТІҢ БАСШЫСЫ ЖЕТІСАЙҒА КЕЛДІ

          Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзінің ағымдағы жылдың қыркүйегінде ел халқына арнаған Жолдауында,  елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігін құру қажеттігі туралы айтқан болатын. Сол жаңадан құрылған ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің жетекшісі  Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов біздің өңірдің өзекті мәселелерімен танысу үшін Жетісай ауданына арнайы іс-сапармен келді.
          Бұл іс-сапардың өзіндік себебі де бар. Ауданымыз арқылы өтетін мемлекетаралық «Достық» магистралды каналы жыл өткен сайын тозып, бүгінгі заман талабына толығымен жауап бере алмауда. Ол арқылы ауданға келетін ағын су көлемі жеткіліксіз болған жағдайда Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен қосымша ағын су алынады. Алайда, осы мақсат үшін арнайы салынған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналының жақтаулары жыл сайын құлауда және ұлтанының толып қалуынан оның су өткізу қабілеті төмендеген. Соның салдарынан биылғы вегетациялық кезеңде барлығы 12 насостың екеуін ғана қосуға мүмкін болған. Нәтижесінде  ағын суға мұқтаж шаруаларға секундына небәрі 6-8 текше метр су беріліп, ағын сумен қамтамасыз етуде біраз қиындықтар туындады.
         Бүгінгі таңда, ауданымызда жалпы ұзындығы 30,6 шақырымды құрайтын К-30, К-28 каналдарының бетондалуы тиіс 25 шақырымының 14 шақырымы, 175 шақырымды құрайтын ішкі тармақ каналдарының 52 шақырымы ғана бетондалса, жоспарланған 4 насос станциясының ешбірі қойылмаған. 2012 жылдан 2019 жылға дейін бетондау жұмыстары 2 рет басталып, 2 рет тоқтаған.
         Министр Нұржан Нұржігітовке аудан әкімі осы өзекті мәселе туралы  баяндап, ғылыми зерттеу институттарынан тиісті мамандарды жұмылдыра отырып каналдың қауіп төндіріп тұрған бөлігін қалпына келтіру, су өткізу қабілетін арттыру, Шардара су қоймасынан қажетті көлемде ағын су алу үшін каналды модернизациядан өткізу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, Қызылқұм, Ш.Ділдәбеков, Мақталы, Ж.Ералиев, Абай, Ынтымақ ауылдық округтеріндегі жарамсыз 210 тік дренажды ұңғымаларды «Ислам даму банкі» қаржысы есебінен ЖСҚ-на түзету енгізу, қалпына келтіру жұмыстарын жеделдету мәселелері де айтылды. Бүгінде аталмыш дренаждардың 113 данасының қайта қалпына келтірілу жұмыстары басталып отыр.
          Аудан әкімі Серік Үсенұлы аудандағы коммуналдық меншіктегі каналдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және облыс әкімідігінің қаулысына сәйкес Жетісай ауданы ИДЖЖ-3 жобасына енген барлық ағын су нысандарын республикалық меншікке өткізу мақсатында 162 дана ішкі ағын су жүйелерін және 115 дана су қашыртқыларын құжаттандыру үшін аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, құжаттары толығымен рәсімделгенімен, ағын су нысандарын өткізу-қабылдау жұмыстары басталғанымен, «Қазсушар» РМК тарапынан облыс әкімдігінің қаулысы орындалмай тұрғандығын баяндады.
         ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов бұл мәселелердің шешілу жолдары мен кездесуде айтылған ұсыныстарды өз бақылауында ұстап, ағын су жетіспеушілігінің алдын алу қатысты тиісті мекемелермен жоспарлы жұмыстардың жүргізілетінін айтты.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...