Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ

          Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарының кезекті бас қосуы өтіп, оған  аудан басшысы Серік Мамытов пен аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты-деп хабарлайды, аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
          Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша аудан әкімі Серік Үсенұлы сөз сөйлеп,  көпшілікті ауданда 8 айда атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырды. Өз баяндамасында аудан басшысы ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6 млрд. теңгеге, яғни 54,5 млрд. теңгеге артқанын, кіріс көздерін ұлғайту мақсатында тиісті 889 салық салу нысанына талдаулар жүргізілуінің нәтижесінде 700 салық салу нысанының құны қайта бағаланғанын, бюджетке қосымша 60 млн. теңгенің өндірілгенін, 189 нысанның салығын арттыру бойынша тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын баяндады.
        «Жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде 8 айда бюджеттің кіріс бөлігі жоспардан 200 млн. теңгеге артығымен орындалып, 3 млрд. теңгені құраған. 8 айда негізгі капиталға 12,5 млрд. теңге инвестиция салынып, шағын және орта бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 12,2 млрд. теңгені құрап отыр.
          Негізгі табысы агросекторға тікелей байланысты ауданымызда үстіміздегі жылы 79,3 мың гектар егіс егілді. Оның ішінде 45,6 мың гектары мақта, 19,6 мың гектары бақша, 2,9 мың гектары көкөніс болса 5 мың гектары дәндік жүгері мен басқа дақылдарды құрайды.
         8 айда ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 15%-ға, 27,7 млрд. теңгеге, ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция 2,8 млрд. теңгеге жеткен. 321 шаруа қожалық иелері 1236 гектар жерден жылына екі өнім алу жобасын іске асырса, көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 12 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінген.
          Ауданымызда жыл басынан бері 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге, облыстық және жергілікті бюджеттен 900 млн. теңге  қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
         Сонымен қатар, ауданда жалпы ұзындығы    245,7 шақырымды құрайтын 380 ішкі көшелер жарықтандырылған. Үстіміздегі жылы «Жетісай қызмет» МКК тарапынан 41 көшеге, демеушілер есебінен 131 көшеге   жарықтандыру жұмыстары жүргізілді» деді аудан әкімі.
         Аудан әкімінен кейін баяндамаға шыққан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Нұрлан Райымбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаеваның, аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбековтың есептері тыңдалып, жоспарлары талқыланды.
         Айта кетерлігі, Жетісай ауданы бойынша биылғы жылы күзгі жиын-терімге 200-ден астам мақта теру комбайындары мен 40-тан астам бригадалар қатысуда. Одан бөлек, 7 мақта өңдеу зауыттарының 80 мақта қабылдау бекеттері тұрақты жұмыс істеп тұр.
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...