Home » Business » ASTANA HUB ТЕХНОПАРКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР

ASTANA HUB ТЕХНОПАРКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР

            Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартап технопаркі Astana Hub 4 жылғы қызметінің нәтижесімен бөліседі.
           Astana Hub қызметі IT-бизнес үшін экожүйені қалыптастыруға, IT-таланттарды қолдауға және стартап жобаларды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда Astana Hub-та 930 IT-компания тіркелген, соның ішінде 170-і шетелдік қатысумен. Оларға ақпараттық-оқу, материалдық инфрақұрылым, бизнесті дамыту бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық тәртіптер тұрғысынан қолдау көрсетіледі. Технопарк резиденттері 12 мыңнан астам жұмыс орын қамтамасыз етуде.
         Astana Hub іске қосылғаннан бері технопарк қатысушыларының жиынтық табысы 383 млрд теңгені құрады, оның ішінде ІТ қызметтер экспорты- 123,3 млрд теңге.
         «Көптеген отандастарымыз Astana Hub қатысушылары жасаған стартаптардың игілігін көріп жатыр. Бұл технологияларды түрлі саладан байқауға болды: жұмыста – бұл Documentolog сервисі, қалада – Parqour паркинг қызметтері, CITIX смарт тақталары, UvU қауіпсіз таксиі, «Қолжетімді Қазақстан» қозғалысы шектеулі адамдарға арналған қоғамдық орындардың қолжетімділік картасы және т.б. Осылайша, Astana Hub қатысушылары қазақстандықтарға күнделікті өмірде көмектесіп, қоғамның дамуына ат салысып жатыр», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
         Тартылған инвестиция көлемі бойынша стартаптардың үздік үштігіне мыналар кіреді: JET – мобильді қосымша арқылы скутерді жалға беру қызметі; Serebra – нейрондық желілер (АИ) негізінде инсультті ерте диагностикалау бағдарламасы, жүйе Қазақстан бойынша 20 инсульт орталығында пилоттық режимде жұмыс істейді; СТОграмма – автосервистерді және қосалқы бөлшектерді іздеу платформасы.
        2018 жылдан бері Astana Hub базасында 15 000-нан астам адам Startup School, No-code School, Freelance School, Beta Career, Tech Orda сияқты білім беру бағдарламаларынан өтті. Сондай-ақ 2000-нан астам адам -Astana Hub акселерация және инкубациялау бағдарламаларының түлектері.
        Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің бастамасымен қолға алынған Tech Orda бағдарламасы жекеменшік бағдарламалау мектептеріне IT саласында жеке тұлғаларды дайындауға қаржылық қолдау көрсетеді. 2021 жылы Астана хабтың жеке қаражаты есебінен 13 IT бағдарламалау мектебінің 100 студенті қаржыландырылды.2022 жылдың 1 қыркүйегінде ІТ-мектептерден өтінімдерді қабылдау және өңдеу басталып, 50 IT мектебі аккредитациядан өтті. Қазір бөлінген қаржы аясында оқуға қабылданған тұлғаларды іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 18 бен 45 жас аралығындағы 3 мыңнан астам талапкер жекеменшік IT мектептеріне түседі.Бағдарлама аясында әрбір бағдарламалау мектебіне бір оқушыға 600 000 теңгеден аспайтын қаржы бөлінеді.
        2025 жылға қарай ҚР ЦДИАӨМ қолдауымен еліміздің жетекші бағдарламалау мектептерінде 20 000 студентті IT дағдыларына оқыту жоспарлануда. Tech Orda бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары санатты IT маман даярлау қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.
         2021 жылы Scalerator деп аталатын алғашқы экспорттық акселератор іске қосылды. Бағдарлама стартаптарға Солтүстік Америка, Еуропа, ТМД елдері және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты жаңа нарықтарға шығу, бүкіл әлем бойынша компаниялармен келісім-шарттар жасау құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаның бірінші легінің 10 аптасында қатысушылар 840 000 доллардан астам қаржыға экспорттық келісім-шарттар мен келісімдер жасады. Биыл қыркүйек айында 40 стартап іріктеліп,  екінші легі басталды.  Сондай-ақ, Seed Money бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап стартаптар өз жобасын дамытуға қаржы ала алады. Бұл – әртүрлі кезеңдерде (MVP, Product/market fit, MVP) АТ стартаптарына арналған кешенді қолдау бағдарламасы. Бағдарлама бойынша қаржыландыру revenue share (equity free) моделі бойынша жүзеге асырылады, яғни қаражат игерілгеннен кейін 3 жыл ішінде жобаны іске асырудан түсетін кірістің 1% төлеу міндеттемесін білдіреді. Түскен қаражат IT саланың экожүйесін одан әрі дамытуға жұмсалады.
         2022 жылдың сәуірінде Astana Hub халықаралық технопаркі Google for Startups компаниясымен серіктестік туралы келісімге қол қойып, корпорацияның Орталық Азия аймағындағы бірінші серіктесі болды. Серіктестік аясында Орталық Азия, Әзірбайжан және Моңғолия елдері үшін Silkway Accelerator бағдарламасы іске қосылды. Silkway Accelerator бағдарламасының бірінші легі аясында жобаларын дамыту мүмкіндігіне ие болған 15 стартаптың 13-і бағдарламаны сәтті аяқтады – олар бірнеше есе өсіп, жаңа әлемдік нарықтарға шықты.Акселерация бағдарламасына қатысушылардың арасында үш айдың ішінде бағасын екі еседен астамға арттырған компаниялар да, айлық табысы 22 есеге өскен стартаптар да бар.
         Silkway Accelerator бағдарламасының екінші легі 2 қыркүйекте басталды, оқу Астанада оффлайн режимде өтеді және 3 айға созылады. Silkway Accelerator қатысушылары тәлімгерлікпен қатар, Astana Hub жанында тегін баспанаға, жұмыс орнына және Seed Money бағдарламасы бойынша 55 000 АҚШ долларына дейін қаржы алу мүмкіндігіне ие болды.
         Дәстүрлі түрде көптеген панельдік сессиялар, технопарктер көрмесі, IT-стартаптар аллеясы, IT-мектептер көрмесі, IT бос орындар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle байқауы және т.б. ұйымдастырылатын Digital Bridge жыл сайынғы цифрландыру халықаралық форумына технопарк қызметінде ерекше орынға ие. Биылдың өзінде бұл форум алаңында әлемнің 15 елінен 25 мыңға жуық қатысушы, 300 IT-компания, 150 венчурлық инвестор және бизнес-періштелер, 300-ден астам спикер және 100 стартап бас қосып, Орталық Азия елдерін біріктірген ең ірі IT платформаға айналды.
        Әртүрлі іс-шаралар да тұрақты түрде өткізіледі – Pizza Pitch, Speaker Night, Startaphana және т.б. 2018-2022 жылдары жалпы саны 50 000-нан астам тыңдаушыны қамтыған 1000-нан астам іс-шара өткізілді.
        Еске салайық, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі 2018 жылдың 6 қарашасында құрылды. Astana Hub қызметі – қатысушыларға акселерация қызметтерін, технологиялық бизнес-инкубациялауды ұсыну, консалтингтік, ақпараттық, аналитикалық, білім беру, маркетингтік іс-шараларды өткізу арқылы қатысушылардың дамуына жағдай жасап, инновациялық экожүйені жетілдіру.
Әсел МИЗАМҚЫЗЫ, Press-Office,
«Astana hab» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі
эл.пошта: pr@astanahub.com.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...